Дінбасымыздың марапаты

Жақында Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ республикалық имамдар форумы өтті.

Дәстүрлі форумға Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен белгілі теологтар және 500-ден астам имам қатысты.

Айтулы форумда Ақжайық өңірінің имамдары имандылық жолындағы еңбектері бағаланып, Орал медресесінің алғашқы түлегі, орталық мешітінің наиб имамы Самат Алибаев ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының «Алғыс» хатымен марапатталды.

Самат Қанатқалиұлына  Алла жолындағы қызметіңізге сауап пен имамдылық жолыңызға толағай табыстарын мол болсын!

Сізге Алла разы болсын! Ақжайық өңірінің мақтанышы болыңыз!

 Нұрлан САМАТҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған