ДІН — РУХАНИ МƏДЕНИЕТТІЛІКТІҢ БАЛАМАСЫ

«Аманат-Жайық» қоғамдық қорының «Ақпараттық сауаттылық-қоғамдағы қауіпсіздік кепілі» жобасы аясында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Жәнібек ауданының барлық ауылдық округтерінде кездесулер оздырылды. Діни экстремизм мен терроризмге және деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында  аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Е.Абдуғалиев және наиб имам С.Тасмұханов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Елемесов, «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Д.Ғайнуллин ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері ретінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесулер Талов, Жақсыбай ауылдық округінің мәдениет үйлерінде өткізілсе, Тау, Қамысты, Тегісшіл, Күйгенкөл, Ұзынкөл, Ақоба ауылдарының мектептерінде мектеп ұжымы мен оқушыларға, ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлеріне терроризмге қарсы ақпараттық-насихат жұмыстарын жандандыру үшін танымдық бейнероликтер көрсетумен басталды. Кездесу барысында Есенболат қажы ислам дінінің ерекшеліктері туралы, бойында иманы бар адам ешуақытта жамандыққа бармайтындығы жөнінде айтып, аталмыш тақырып төңірегінде қойылған тұрғындар сұрақтарына жауап берді. Ақпараттық кітапшалар таратылып,теріс ағымдағы дін өкілдерінің үгіттеуіне еріп кетпеудің жолдарын көрсетіп, олардан жастарды қалай қорғау керектігі жөнінде түсінік берді. Кездесу соңында аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат Қадырұлы «Пайғамбар ақидасы» кітабын және «Мұнара» газетін мекеме басшылығына табыс етті. 350-ден астам адам қамтылған кездесулердің нәтижесінде ауыл тұрғындары мен жастар діни экстремизм мен терроризм туралы көп жаңа ақпараттармен танысып, қоғамдағы түрлі саяси-әлеуметтік құбылыстармен қатар, мәдени-рухани даму үшін де діннің атқарар қызметі зор екенін түсінді деп сенеміз.

 Жәнібек аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған