Дін мамандарымен жүздесті

Жақында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің бастамасымен облыстық дін істері басқармасының   қолдауымен  Орал орталық мешітінде  дін мамандарымен кездесу болып өтті.

Алдымен облыс имамы Еркебұлан Ыбыраймұлы сөз алып, облыстық дін істері басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Азамат Төлепов және дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Арман Нұрахметұлын арнайы таныстырып, облыс көлемінде атқарылып жатқан діни ахуалды баяндап, діни басқармадан берілген тапсырмаларды уақытылы орындап, өткен жылы имандылық қызметімізге оң бағасын берсе, қасиетті айдың құрметіне орай іс-шаралардың өз деңгейінде ұйымдастырылғанын  жеткізді.

Одан кейін Азамат Төлепов пен Арман Нұрахметұлы басқарманың  атқарған істерін тілге тиек етіп, атқарылатын жоспарларымен таныстырды.

Облыс, қала имам-молдаларының имандылық жолдарына толағай табыс тілеп, ел-жұртты ауызбіршілікке, ынтамаққа шақырып, бірлесіп қызмет істеуге үндеді.

Шара соңында дін мамандарына имам-молдалар сауалдарын жолдады.

Өкіл имам БАҚ өкіліне сұхбат берді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған