Дін мамандары жастармен кездесті

Орал қаласындағы «Замзам» кафесінде жалынды жастармен еркін тақырыпта кездесу болып өтті.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша жастар секторының жетекшісі Бейімбет Жамбылұлы,  облыстық орталық мешітінің наиб имамдары Наурыз Убаев пен Мейрамбек Абдрахманов, Тәжіден Батырұлы мешітінің ұстазы Ринад Акимов уағыз-насихат жұмыстарына белсене кірісті.

Ақжайықтың дін қызметкерлері жастардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп отыр.

Дастархан басында «Имандылық – тәрбие негізі», «Ата-анаға құрмет –ұрпаққа міндет», «Жат ағымнан сақтан!» секілді өзекті тақырыптар арқау болды.

Облыстағы жастар секторының жетектісі Бейімбет Дүйсенәлі өмірге, білімге, өнерге құштар жастардың алдында имандылық, адамгершілік хақында сөз қозғады. Сондай-ақ, жақсылық пен жамандықтың, тәртіп пен келеңсіздіктің арасын ажырата білу жөнінде тілге тиек етті. Сонымен қатар, қоғамға жат, түрлі діни ағымдардан аулақ болу жөніндегі тұжырымдарымен де жиналғандарға ой салды.

Жастардың қойған сауалдарына мешіттің наиб имамдары Наурыз Ибатұлы мен Мейрамбек Ақылбекұлы, ұстаз Ринад Нұрланұлы  нақты жауап берді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша жастар секторы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған