Дін өкілдерін марапаттады

Батыс  Қазақстан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай – Орталық) ұйымдастыруымен «Set Seil» паркінде Рухани келісім күніне орай «Дінаралық келісім – бейбітшілік кепілі» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Жиынға облыстағы діни бірлестіктердің өкілдері, Батыс  Қазақстан облысы дін істері басқармасы және Орталықтың мамандары, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әртістері қатысты. Шара барысында Орталық басшысының міндетін атқарушы М.Кабдоллин, БҚО бас имамы Бақытжан Құралбайұлы және діни бірлестіктердің өкілдері атаулы мерекеге орай құттықтауларын жеткізді.Шараға қатысушылар асық ату, садақ ату және басқа да қазақтың ұлттық ойындарымен танысып, топ-топқа бөлініп, күш сынасты.Шағын жарыстың қорытындысы бойынша діни бірлестіктердің өкілдеріне алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған