Білім сайысы

Бәйтерек ауданы “Жұбан молда” мешітінің бас имамы Дүйсенәлі Бейімбеттің ұйымдастыруымен жамағат арасында білім сайысы өтті.
  Бұл игі шараға Орал облыстық орталық мешітінің Бас имамы Бақытжан Құралбайұлы қатысты.
Білім сайысы “Әз пайғамбар Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)” өмір жолы” тақырыбында өтті.
   Жүлделі орындарға “Ихсан”, “Кемел адам”, “Қызыл жебе” кітаптары табысталды.
   Кейін арнайы дастархан жайылып, Орал облыстық орталық мешітінің Бас имамы Бақытжан Құралбайұлы ғибратқа толы уағыз-насихатын айтты.
     Бұндай жиындардың, сайыстардың өтуінің ең басты мақсаты жамағатттың діни білімін арттыру, ауызбіршілікті нығайту, имандылықты көтеру.
Алла тағала изгі ниеттерімізді қабыл етсін!
Бәйтерек аудандық мешітінің баспасөз қызметі 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған