Берекелі Рамазан керуені

Алла Тағала қасиетті Құранның «Мәида» сүресінде: «Өздеріңді Аллаға жақындататын ізгі істерде, тақуалықта бір-біріңе жәрдемдесіңдер! Ал күнәлі істерде һәм дұшпандық жасап, шектен шығуда біріңе-бірің болыспаңдар», – десе, адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамдардың ең қайырымдысы – өзгеге пайдасын тигізгені» деген. Мінеки «Зекет және қайырымдылық» қоры мамандары мен өңірлердегі имамдардың арқасында Рамазан айында күн сайын үздіксіз қайырымдылық іс-шаралары өтіп жатыр.

Дінбасымыз Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елімізде “Берекелі рамазан керуені” марафоны бастау алды. Аталмыш марафон ауданымызда жалғасын тауып, Бөрлі аудандық мешіті мен “Берекелі жамағат” еріктілер қорының ұйымдастыруымен бүгінде ауданымыздың солтүстігінде орналасқан Бөрлі, Қанай, Пугачев, Бумакөл, Приураль, Жарсуат елді-мекендеріндегі аз қамтылған, көп балалы 30 отбасыға қайырымдылық қораптары таратылды. Қайырымдылық керуені Рамазан айының соңына дейін барлық ауылдық округтегі және Ақсай қаласындағы аз қамтылған отбасыларға жалғасын табатын болады.

 Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған