Бас имам Жалпақтал мешіттің аралады

Жаңа тағайындалған ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев, алғашқы арнайы іс-сапарын ғасырлық тарихы бар Жалпақтал ауылдық мешітінен бастады.

Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы, дінтану ғылымдарының магистрі Тілепберген Нұрәлиев облыстық «Орал» орталық мешітінің бас имамы Мұратбек Қыстаубаевты жылы шыраймен қарсы алып, мешіт жамағаттарына таныстырды.

Мұратбек Мұхтарханұлы: «Бірлік пен ынтымақ» жайында уағыз айтып,  жамағаттың толғандырып жүрген сауалдарына жауап берді.

Арнайы кездесу ауыл әкімшілігі мен мәдени орталықта мекеме басшылары мен ауыл тұрғындары және  жалынды  жастармен өз жалғасын таппақ.

Нұрлан Саматұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған