Бас имам Жәнібек ауданында

Кеше  ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев  арнайы іс-сапармен  Жәнібек ауданында болды.

Орал орталық мешітінің бас имамы Мұратбек қажы Мұхтарханұлы ең алдымен  жамағатпен жүздесіп, Жәнібек аудандық мешітінің бас имамы  Есенболат Абдуғалиев атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып,  қазіргі уақытта  орындалған діни ахуалды баяндады.

Осы сапарында аудан әкімшілігінде кездесу жасап, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, ел ақсақалдары Ибрагим Сұлтанов, Қабаш Жүнісов, Ғалымжан Шағыров, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұжымымен, Ақоба, Ұзынкөл  ауылдарының бас имамдарымен кездесті.

Рухани кездесулерде «Рухани байлық»,«Жан –дүниенің тазалығы» жайында уағыздар айтып, жиналған жұршылыққа кеңінен жеткізді.

Ақсақал Ғалымжан Шағыров, Ақоба, Ұзынкөл  ауылдарының бас имамдары, өздерінің  толғандырып жүрген сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптарын алды.

Бас имам да өз кезегінде ел ағаларының дінімізге көрсетіп жатқан жанашырлығы үшін ризашылығын танытып, оларды алдағы уақытта да «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші ортақ мақсат жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырып,  Есенболат Абдуғалиевке және мешіт ұжымына өзінің ризашылығын білдірді.

Шара соңында  «Татуласу» орталығына арнайы барып, тыныс –тіршілігімен танысты.

 Нұрлан Саматұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған