Бас имам телеарналарға сұхбат берді

Құрбан айт мерекесіне орай Орал орталық мешітінің бас имамы Мұратбек Қыстаубаев облыстық «Ақжайық» телеарнасы «Күншуақ» танымдық ақпараттық бағдарламасы мен «ТДК-42» телеарнасының «Шындықпен бетпе-бет» тікелей бағдарламасының арнайы қонағы болып, «Құрбан айт» тақырыбы аясында сұхбат берді.
Студия қонағы ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек Мұхтарханұлы қатысты.
Облыс имамы сұхбатында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің арнайы сәлемін айтып, Ақжайық жұртын ұлық мерекемен құттықтады. Құрбан айт мейрамының мән-мақсатын түсіндіріп, шығу тарихы, малдың қай түрлері және қалай шалыну керек, айт күні құрбан шалудан басқа жасалатын амалдар сынды сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, биылғы пандемия жағдайына байланысты Құрбан айт мерекесін өткізуге қатысты енгізілген бірқатар өзгерістерге тоқталды. Атап айтар болсақ, биыл Айт намазы оқылмайды және құрбан шалу рәсімі мешіттерде жүзеге асырылмайды.
Дінбасымыздың бастамасымен құрбан шалуға ниеттенген кез-келген адамдар үшін www.qurban2020.kz сайты іске қосылғанын атап өтіп, толық жұмыс істеу үлгісін баяндады.


Журналисттер Надежда Бишаева, Жандос Хамза мен көрермендердің толғандырған сауалдарына облыс имамы толықтай жауап берді.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған