Бас имам түлектерге бата берді

 «Орал» орталық мешітіне қалалық мектеп бітіруші түлектері арнайы келіп, дұға тілеп,  бас имамның батасын алды.

Келген түлектерді жылы шыраймен қарсы алып, Бақытжан қажы білімнің артықшылықтарына тоқталып, ел ертеңі мен болашағының жарқын болуы білімді жастардың қолында екенін айтты.

«Он бір жыл жиған білімдеріңізді сын тезіне салатын сәтте жетті. Асыл дінімізде мұсылман баласының білім-ғылым игеруі парыз болып саналады. Қасиетті Құран кәрімде Алла Тағала «Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ала ма?» десе, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) «Білім алу – әрбір мұсылманға парыз» деп, үмметіне ілім игеруді насихат еткен. Сол себепті де өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаған ұлағатты ұстаздарыңыздың еңбегін еш етпей, мерейін өсіріңіздер. Білім жолындағы сапарларыңыз сәтті болғай» деп, облыс имамы Жаратқаннан жақсылық тілеп, түлектерге ізгі лебізін білдірді.

Бас имам Бақытжан Құралбайұлы қасиетті Құран аяттарын оқып, дұға жасап, жас өрендерге ақ батасын берді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша  баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған