Бас имам Шыңғырлау ауданында

Кеше ҚМДБ-ның БҚО облысы бойынша бас имамы Бақытжан Сабралиев өңірлік мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Шыңғырлау ауданында болды.
Аудандық мешіттерді аралау сапарлары Бәйтерек, Жаңақала аудандарынан бастау алды. Аудан әкімі Әлия Беғазықызы облыс имамы Бақытжан Құралбайұлы мен аудан имамы Еламан Тимурұлын арнайы қабылдап, ел аумағындағы діни ахуал жайында сөз болып, бірлесе қызмет етуге шақырды. Аудан әкімі Әлия Беғазықызы жаңа тағайындалған Еламан Баядилдің жаңа қызметімен құттықтап, асыл дінімізді насихат, имандылық жолына сәттілік тіледі.
Облыс имамы Шыңғырлау аудандық мешітіне арнайы келіп, жиналған қауыммен жүздесіп, «Бірлік пен ынтымақ» жайында уағыз айтып, бесін намазын жамағатпен бірге оқыды.
Жамағат өздерінің толғандырған сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптарын алды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған