Бас имам қос телеарнаға сұхбат берді

ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев облыстық «Ақжайық» және «»ТДК-42» телеарналарына «Қадір түні» жайында сұхбат берді.
Әрине, атам қазақ ықылым заманнан Қадір түнін ерекше құрметтеп, қадірлі қонағындай күте білген ел. Біз сол иманды бабаларымыздың ізгі жолын жалғаған хәлде, ақ пен қараны, жақсы мен жаманды айырушы – Құран түскен Қадір түнін құлшылықпен, дұғамен, Құран оқумен өткізгеніміз абзал. Бұл түн – тағдыр түні деп те аталады. Сондықтан Алладан алдағы өмірімізді Өзі разы болатындай өткізуге жазсын деп тіледі,-Орал орталық мешітінің бас имамы Мұратбек Мұхтарханұлы.
Қадір түнінің қасиеті, бұл мың айдан қайырлы түнде жасалатын құлшылық, дұғалар туралы тілге тиек етіп, тілшілердің сұрақтарына жауап берді.
Айта кетейік, Дінбасымыз айтқандай елімізде жарияланған төтенше жағдай және карантин режиміне орай уақытша жабық тұрған құлшылық ордалары кеше жамағатқа есіктерін айқара ашты. Алғашқы кезең бойынша бүгін елорда мешіттері ашылып, құлшылық ордасына деген сағыныштары тасыған жамағатқа қуаныш сыйлады. әзірге еліміздегі ешбір мешітте жамағатпен намаз оқылмайды. Мешітке келуші адам белгілі арақашықтықты сақтай отырып, жеке құлшылығын өтеуіне болады. Мешіт ішінде 15 минуттан аса бөгелмегені абзал. Мешіттер өңірлік уақыт ерекшелігін ескере отырып, таңғы 07:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істейді. Тұрғындардың қауіпсіздігі мақсатында бұл шарт бүгінгі Қадір түнінде де сақталатындығын жеткізген болатын.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған