Бас имам марқұмдардың рухына Құран хатым дұғасын бағыштады

Жалпыұлттық аза тұту күніне орай  Орал орталық мешітінде  Құран Хатым дұғасы жасалды.

Осы ізгілік бастамасын ҚМДБ БҚО бойынша  бас имамы Бақытжан Құралбайұлы бастаған Ақжайықтың имамдары да қолдап, үн қосты.

Орал орталық  мешітінде Құран хатым оқылып, еліміздің амандығы үшін, жандарын пида еткен құрбандардың рухына Құран хатым етілді.

Дұға жасаған облыстың бас имамы Бақытжан Құралбайұлы шаһит болған ерлердің иманыны салауат болуын сұрап, елімізге амандық, жұртымызға жақсылық тілеп, мұндай қаралы күннің қайталанбасын деп, дұға жасады.

Ізгілік шара қала, аудан мешіттерінде жалғасты

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған