Бас имам Мәуліт мерекесі хақында телеарнаға сұхбат берді

Батыс Қазақстан облысының Бас имамы Бақытжан Сабралиев “Aqjaiyq” телеарнасында  “Руханият”  бағдарламасының арнайы қонағы болып,  «Мәуліт» мерекесі жайында сұхбат берді.

Бағдарлама барысында  ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Құралбайұлы Ақжайық жұртын  ұлық аймен құттықтап,  «Мәуліт» мейрамының мән-мағынасы, оны атап өтудің түп төркіні жайында тоқталып,  Мақсат Аралбайұлының қойылған  сауалдарына жауап берді.

Шарапаты мол мәуліт мерекесі біздің халқымызға да құтты болсын. Осынау айтулы мейрамның аясында Алла Елшісін (с.ғ.с.) көбірек танып, өсиеттерін тереңірек түсінуді  нәсіп етсін. Осы мереке адамдар арасындағы рақым-мейірімнің, имандылықтың, бауырмалдықтың арта түсуіне бір сеп болғай. Пайғамбардың (с.ғ.с.) әміріне мойынсұнып, тыйымынан тыйылуға түрткі болғай.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған