Бас имам Казталов ауданында

ҚМДБ-ның Батыс облысы бойынша өкіл имамы, облыстық мешітінің бас имамы, «Орал» медресесінің директоры Мұратбек қажы Қыстаубаев жақында Казталов ауданының жамағаттарымен кездесті.

Алдымен аудандық мешітінің бас имамы Жандосбек Құсайынов, Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген Нұрәлиев сыйлы қонақты күтіп алып, аудан имамы мешіттің атқарылып жатқан істерін баяндады.

Бас имам Мұратбек Мұхтарханұлы Казталов ауданына арнайы  келіп,  мешіт жамағаттарымен жүздесіп, «Бірлік, ынтымақ» жайында уағыз айтып, көпшіліктің сауалдарына жауап берді.

Сапар соңында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызының қабылдауында болып, облыс көлемінде имандылыққа байланысты істеліп жатқан жұмыстар жайын баяндап:

«Дінбасымыз Серікбай Сатыбалдыұлы хазреттің тапсырған жұмыстары жамағаттың бірлігі мен жастардың имандылығы, шәкірттерге сауап ашу курсының жандануы, қайырымдылық шаралары жоғары деңгейде ұйымдастырылып келеді»,-деді облыс имамы.

 

Одан кейін арнайы іс-сапарын облыс орталығынан шалғай жатқан Жәнібек аудандық мешітіне жол тартты.

 Нұрлан Саматұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған