БАС ИМАМ ҮЙ СЫЙЛАДЫ

Қасиетті жұмада. Баспана – бақыт шамы. Қоныс құтты болсын, ауылдас! Жалпақтал мешітінің бас имамы дінтанушы-теолог Тілепберген қажы Ахмеджанұлы ҚМДБ–ның  «Зекет» корпоративтік қоры атынан ұйымдастырылған «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында әлеуметтік жағдайы  төмен, көпбалалы, отбасында 1-топтағы мүгедек баласы бар жұмыссыздар санатындағы ауыл тұрғыны Қаныбек Ғұбашевтың отбасына  үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстап, көп жылдан бері баспана тауқыметін тартып жүрген мұқтаж отбасына жайлы қоныс сыйлады.

Осындай сауапты іске мұрындық болған ауыл имамының шынайы ықыласпен жасаған қайырымды қадамына қоныс иелері ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

Біздің  игі  шарамызға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  Батыс Қазақстан  облысы  бойынша  бас имамы  Мұратбек  Мұхтарханұлы, Казталов аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы  Нағым  Ризуанұлы, Жалпақтал ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Ғилым  Шәріпұлы, облыстық  орталық мешіттің найб имамы Мейрамбек  Ақылбекұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы  Айша Уәлиоллақызы,  Жалпақтал ауыл әкімі Әлия Нәсіпқалиқызы, аудандық «Ауыл айнасы» газетінің меншікті тілшісі Қыдыр Қаресұлы және  Жалпақтал жастар жетекшісі Әйбек  Әділгерейұлы  қатысты.

ҚМДБ-ның «Ел үлесі – пәтерге» акциясы арқылы күллі ел аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы жанұяларды тұрғын үймен қамту бастамалары осындай игі істің әлеуетін одан ары көтеріп, әлеуметтік жағынан осал топтарға қайырымдылық көмектері тоқырамай, ізгілік жолында тізе біріктіріп, баспанаға мұқтаж ауылдас тұрғындардың алғыстарына кенеле берсін демекпіз. Ізгілердің дүр сипаты – өзгелерге шынайы ниетте қайырымдылық жәрдем болса, оларға қамқорлық жасау – ізгілікке бастар жол ағайын!

Жалпақтал ауылдық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған