Бас имам дін мамандарымен жүздесті

ҚМДБ-ның Батыс облысы бойынша бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев Ақжайық өңірінің имамдары мен дін мамандарымен кездесті.

Облыстық орталық мешітте өткен кездесуде Мұратбек Мұхтарханұлы имамдар мен дін мамандарын қарашаңырақ ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойымен құттықтай келе, мешітке байланған жүрек, білім алу тақырыптарында уағыз айтып, игі істің басы-қасында жүрген имамдар мен жанашыр азаматтарға алғыс жеткізді.

«Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде діннің рөлі айтарлықтай өсіп, азаматтардың, әсіресе жастардың дінге бетбұрысы, қоғамдағы белсенділігі артып келеді. Осы орайда еліміздің мұсылман жамағатының ынтымақ бірлігін сақтауда және рухани құндылықты дәріптеуде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының орасан қызмет атқарып отырғанын атап, сан ұрпақ аңсап өткен, бүгінгі біз жеткен аса қымбат әрі қастерлі тәуелсіздік жолында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына әрдайым жарқын жетістіктердің бола беруіне тілектестік білдіремін» деді БҚО Дін істері басқармасының басшысы Мақсат Аралбайұлы.

Кездесу соңында Орал орталық мешітінің жылдық жоспары бектілді. Өкілдік пен облыстық дін істері басқармасы екіжақты шараларды іске асыратын болды. Сондай-ақ Діни басқарманың тапсырмаларына сай жұмыстар атқарылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған