Бас имам Бөкей-Орда ауданында

    Қасиетті жұмада ҚМДБ-ның БҚО облысы бойынша өкілі,  Орал орталық бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев өңірлік мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында  Бөкей-Орда аудандық мешітінің жамағаттарымен жүздесті.

Аудандық мешіттерді аралау сапары Бөкей-Орда ауданында жалғасты. Аудан әкімі  Нұрлан Сағынтайұлы облыс имамы Мұратбек қажы Мұхтарханұлы мен аудан имамы Қуандық Насыровты арнайы қабылдап,  ел аумағындағы діни ахуал жайында сөз болып, бірлесе қызмет етуге шақырды.

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов  жаста болса бас имам болып жүрген Қуандық Насыровтың мешіттегі қызметі мен асыл дініміз жолындағы  қызметін жоғары бағалады.

Сондай-ақ,  Бөкей-Орда  ауданында аудан әкімінің орынбасарлары Біржан Нұрланұлы, Лариса Телманқызы, мәслихат хатшысы Ерболат Қабденұлы, ішкі саясат  бөлімінің басшысы Асқар Әжіғалиев, жастар орталығының жетекшісі Исатай Құрмашев, ардагерлер кеңесінің төрағасы  Имамбай Бисенғалиев, Қитеш Бисенғалиев, Ноқаш  сынды елдің  аталарымен бас имам Мұратбек қажы Қыстаубаев  кездесіп,  жиналғандар сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптар алды.

Қасиетті жұмада  облыс имамы  Бөкей-Орда аудандық мешітіне арнайы келіп, жиналған қауыммен жүздесіп,  «Ғалымдардың исламдағы мәртебесі» жайында уағыз айтып, жұма намазын жамағатпен бірге оқыды.

Жұма  соңында сөз алған ауыл ақсақалдары өкіл имамға жаңа бастамаларында сәттілік тілеп, баталарын берді, ризашылықтарын білдірді.

 Нұрлан Саматұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған