Бас имам Бәйтерек ауданында

Мәуліт меркесіне орай ҚМДБ-ның Батыс облысы бойынша бас имамы, облыстық мешітінің бас имамы, «Орал» медресесінің директоры Мұратбек қажы Қыстаубаев жақында Бәйтерек ауданының жамағаттарымен кездесті.

Алдымен аудандық мешітінің бас имамы Бағдат Русланұлы сыйлы қонақты күтіп алып,  мешіттің атқарылып жатқан істерін баяндады.

Бас имам аудан әкімі  Асхат Шахаровтың қабылдауында болып, өңірдің діни ахуалы, қоғамдағы діннің  рөлі және діни бірлестіктер жұмысын жетілдіру жайын талқылады.

Одан әрі Мұратбек Мұхтарханұлы  аудандық тарихи-өлкетану музейінде жұртшылықпен кездесті.

Аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбековтің төрағалығымен өткен бас қосуда діннің тазалығы, дінге заң нормаларының сақталуы, жастар тәрбиесі, ата-анаға құрмет білдіру, елдңк мақсатқа үлес қосу жайында әңгіме болды.

Одан кейін арнайы іс-сапарын  Тасқала  аудандық мешітіне жол тартты.

 Нұрлан Саматұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған