БАС ИМАМ ҚАРТТАР ҮЙІНЕ БАРДЫ

Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Ерлан Әйтенов  Құрбан айт мерекесі күніне орай аталмыш ауылдындағы қарттар үйіне «Берекелі жамағаттың» берекелі жұмысынан азық – түлік сыйға тартты.

“Қариясы бардың қазынасы бар” деген қазақ даласы үшін бұл бүгінде өкінішті жағдайлардың біріне айналған. Себебі, ата дініміз әке-шешені қадірлеуді парыз еткен. Алла Тағала қасиетті Құран-Кәрімде: «Раббың, Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық жасауларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: «Тұһ» деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ, оларға зекіме, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле», – деп ашық аяттар түсірген.

Бас имамның қадамына ризашылығын білдірген қарттар үйінің ақсақалдары мекеме туралы әңгімелеп, батасын берді.

Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған