Бас имам Қаратөбе жұртшылығымен кездесті

ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Сабралиев Қаратөбе ауданына арнайы іс-сапарымен барды.

Аудан әкімі Жанат Асантаев облыс имамы Бақытжан Құралбайұлы мен аталмыш мешіттің бас имам Әділжан Бекқазиев жеке қабылдауында болып, ауданның діни ахуалы жөнінде ой-пікірлерімен бөлісті.
Аудан әкімі Жанат Асылханұлы келелі кездесуде ауданда діни тұрақтылықты насихаттауда атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып, дін мамандарының атқарып жатырған жұмыстарына оң бағасын берді.
Облыстан келген бас имам өз ұсыныстарын айта келе мешіт жанынан салынып жатырған асхана құрлысына жәрдемдесу, ауылдық елді мекендерде одан әрі насихат жұмыстарын жүргізу үшін қолайлы жағдай туғызу, руханиятқа қатысты бірқатар мәселелерге қолдау білдіруге шақырды. Аудан әкімі айтылған ұсыныстарға қолдау білдіруге шақырды.
Одан әрі Бақытжан Сабралиев аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесіп, діннің қоғамдағы маңыздылығына тоқталып, жаназа тәртібі, садақадағы ас мәзірі, зираттарды салу мәселесін айтып, аудан тұрғындарының тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Бесін намазы уақытында бас имам Қаратөбе аудандық мұсылмандар мешітінде намазға жиналған жамағатпен кездесіп, ынтымақ, бірлік, ауызбіршілік жайында уағыз-насихат айтып, жиналған жамағаттың сауалдарына жауап берді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған