Балауса Бауыржанқызының еміне 345 мың теңге берілді

Қасиетті  Рамазан айында ҚМДБ-ның  төрағасы, бас мүфтидің бастамасымен Мұхаммед-Ғариф Түлбаев атындағы Орал қалалық мешітінің жанынан ашылған «Қайырымды кәсіпкерлер» бірлестігінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы шарасы өтті.

Аталмыш шарада  Орал қаласы, Круглоозерный кентінің  тұрғыны Бауыржан Жүсіповтың қызы  Балауса  көрші ресей елінің Самара қаласында өтетін кезекті ем-шарасына  қайырымды кәсіпкерлер қаржылай көмек қолын созды.

Балауса Бауыржанқызының еміне жиналған қаржыны Мұхаммед-Ғариф Түлбаев атындағы Орал қалалық мешітінің наиб имам Серік Мұстафин табыстап, қайырымды кәсіпкерлердің қолдауымен қаржылай  жинап бергендігін айтып, атымтай жомарт жандарымыз аман жүріп, ұлық айдағы дұға–тілектеріміз қабыл болып, Алла Тағала шипасын берсін,-деп дұға жасады.

Ботагөз Өтегенова сөз алып, Дінбасымызға, имамдарымызға, қайырымды жандарға қасиетті айдағы жасаған жақсылықтарыңызға дән риза болып, шексіз алғысын айтып, имандылық пен қайырымды істеріңізге береке берсін, деп ақтілегін білдірді.

Мұхаммед-Ғариф Түлбаев атындағы  Орал қалалық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған