Балаларға қуаныш сыйлады

Баланың күлкісі бәрінен қымбат. Оларға жыл он екі ай қуаныш сыйласанда артық етпейді. Білдіршін балаларымыз Қасиетті Рамазан айын ерекше көңіл-күймен тосатыны белгілі.

«Игі істің басына, жақсы келер қасына» демекші, халқына қуаныш сыйлап, жақсылық жасап жүрген, иманды азаматтары баршылық.  Ұлық айдың «Қадір» түнінің құрметіне орай Сырым аудандық мешітінің бас имамы Әділхан Наурызбай балғын балаларға арнап тәттілер салынған қоржынды алып, әр баланың үйіне арнайы барып, қасиетті рамазан айымен құттықтап,  тәттілерді  беріп, көңілдеріне қуаныш сыйлады.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» дегендей балаларымызға қуаныш сыйлауға асығайық, бауырларым!

Нұрлан Саматұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған