Бөрлі ауданына жаңа имам тағайындалды

Қасиетті жұма күні Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйрығымен БҚО, Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы болып Ерлан Бауыржанұлы тағайындалды.
Бөрлі ауданының әкімі Мирлан Сатқанов пен ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Сабралиев, имамдар Қанат Қаженов мен Ерлан Әйтеновті қабылдады. Бақытжан Құралбайұлы әкімге Бас мүфтидің сәлемін жеткізіп, жаңадан тағайындалған бас имам Ерлан Бауыржанұлын таныстырды. Аудан әкімі Миржан Мұнайдарұлы осы уақытқа дейін Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы қызметін атқарған Қанат Қуанышбайұлына ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.
Жұма намазына жиналған жамағатқа ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Құралбайұлы Бас мүфтидің ыстық ықыласы мен сәлемін жеткізіп, жаңадан тағайындалған бас имам Ерлан Әйтеновті таныстырды. Сонымен қатар жаңа имамның алдағы уақытта атқарар қызметіне сәттілік тіледі. Қанат имам алдағы уақытта Түркия елі, Анкара университетінің «Иляхият» факультетінің ислам тарихы мамандығы бойынша магистратурада білім жалғастырады.
Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы қызметін атқарған Қанат Қуанышбайұлының иығына шапан жауып, алғыс білдірді. Мешіттің жамағаты. ақсақал Ербол қажы Қамалов Қанат имамның имандылық жолында талмай қызметін айтып, ақбатасын берді.Алла Тағала екі имамға да жар болғай!
Ерлан Бауыржанұлы
1990 жылдың 1-ші қыркүйек айында БҚО, Бөкей Орда ауданы, Сайхын ауылында дүниеге келген.
2012 жылғы Орал медресе-колледжінің түлегі. Қазір ауқытта Ақтөбе қаласындағы А. Жұбанов атындағы университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша білім алуда.
Еңбек жолы:
– 2012-2014 жылдары Бәйтерек (бұрынғы Зеленов ауданы) аудандық мешітінің бас имамы;
– 2014-2021 жылдары Ақжайық аудандық мешітінің бас имамы;
Үйленген, 1 қызы, 3 ұлы бар.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған