БҚО: Наиб мүфти жұма уағызын жүргізді

Жұмада Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласына жұмыс сапарымен келген ҚМДБ төрағасының  бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы облыстық орталық мешітіне жиналған жамағатпен кездесіп, жұма уағызын жүргізді.

Наиб мүфти «Жала жабу-діннен емес» атты тақырыбында уағыз айтып, көпшілікке кеңінен түсіндірді.

Жиналған жамағат наиб мүфтидің насихатын ұйып тыңдады.

«Кім Аллаға және де қиямет күніне иман еткен болса, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін», – деп айтқан.

Алла Тағала баршамызды береке-бірлігімізге сызат түсіретін өсек, өтірік, ғайбат, жала сынды сөздерден аулақ етіп, елімізге амандық, жерімізге тыныштық нәсіп етсін!

Жұма намазынан кейін Наурызбай қажы Тағанұлы Ақжайық өңірінің имамдарымен жүздесіп,  бір жылдан астам ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл  имамы қызметін атқарған Еркебұлан қажы Ыбырайымұлына құрмет көрсетіп, шексіз алғысын айтып, жаңа тағайындалған Мұратбек Мұхтарханұлын таныстырып, қызметіне табыс тіледі.

Кездесуден кейін имамдар ҚМДБ төрағасының  бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен бірге  естелік суретке түсті.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған