Бүлдіршіндер арасында Құран жарыс өтті

Бәйтерек ауданы, Асан ауылдық мешітінің бас имамы Мұратбек қажы Жахатовтың бастамасымен  жас бүлдіршіндер арасында “Иманды ер- ел болашағы” атты құран жарысы өткізілді.

Шараға 19 бала қатысып өз бақтарын сынап көрді. Жарыс әділ өту үшін әділ қазылар алқасында “Асан мешітінің” бас имамы Мұратбек қажы Каспиұлы және мешіт ұстазы Алишер Ералиев ұстаз қазылық етті.

Жүзден жүйрік, мыңнан оза жауып 1 орынды 6 жасар Нұрет Абдурахман, 2 орынды Ілияс Ерденбекұлы, 3 орынды Бауыржан Даниял иеленді. Орын алған жеңілпаздарға ақшалай сыйлық және сертификат табысталды.

Барша қатысқан балаларға да ақшалай ынталандыру берілді.

Сөз соңында  “Мұсылман адам әрдайым білімге деген ізденісте болу керек. Осы алған білімдерін жалғастырып  алдағы уақытта бұндай жарыстар болып тұрады”,-деді бас имам.

Барлық балалар жүздерінде қуаныш, көңілдері көтеріңкі күйде тарқасты.

Асан ауылдық мешітінің баспасөз қызметі

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған