«Қажылық қорына» имамдар дән риза

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың  қолдауымен, облыс орталығынан шалғай орналасқан, асыл дінімізге қызмет істеп жатқан аудан және ауылдың имам-молдаларына  «Қажылық қоры»  арқылы  қаржылай  көмек  көрсету қолға алына бастады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша  Жәнібек аудандық мешітінің бас имамы  Есенболат Абуғалиев, Жаңақала аудандық мешітінің бас имамы Ерік  Сұлтанов, Казталов аудандық мешітінің бас имамы Жандосбек  Құсайынов пен осы ауданға қарасты Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген  Нұрәлиевке қаржылай көмек берілді.

Дін қызметкерлерін  қаржыландыру олардың жұмысқа деген ынтасын арттырып және  үлкен жауапкершілікті  талап етеді. Дінбасының  аталмыш  қамқорлығына  Батыс өңірінің  имам-молдалары  өз ризашылығын білдіруде. Бұдан былай республикалық қордан тізімдегі имамдарға қаржылай көмек көрсетіліп тұрмақ.

ҚМДБ-ның  БҚО бойынша  баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған