ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫНЫҢ ТҰҒЫРНАМАСЫ

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИМАМДАР ФОРУМЫНДА

Б Е К І Т І Л Д І

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫНЫҢ ТҰҒЫРНАМАСЫ

Астана

19-ақпан, 2015 ж.

КІРІСПЕ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (әрі қарай – ҚМДБ) өз Жарғысы негізінде мемлекетіміздің зайырлы даму жолында Қазақстан мұсылмандарының өзге дін өкілдерімен, дін жолын ұстанбайтындармен ынтымақтастықта тіршілік етіп, ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтаудағы отандық тәжіри- бені қолдайды. Сондай-ақ, бұл үрдісті одан әрі нығайтуға негіз болып саналатын осы Тұғырнаманы қабылдайды және күнделікті қызметінде басшылыққа алады.

Тұғырнамада мұсылманның негізгі діни ұстанымдары, білуге тиісті діни мәсе- лелері және оның зайырлы қоғам тіршілігіне, мемлекеттің заңдары мен қоғамда қа- лыптасқан тәртіптерге қарым-қатынасы, білім алуға, емделуге, Отанды қорғауға, еңбек етуге, отбасына, қоршаған ортаға және ел аумағындағы халықтың салт-дәстүр- лерін, ерекшеліктерін сыйлауға қатысты көзқарастары айқын көрсетіледі.

І. Негізгі діни ұстанымдар

    1. Ислам негіздері

Ислам

«Ислам» сөзі «Құдайға толық мойынсұну», «бейбіт адам болу» деген мағына- ларды білдіреді. Ислам дінінің негіздері бесеу. Олар: иман, намаз, ораза, зекет және қажылық. Ислам діні құлшылықтардың көркем түрде орындалуын талап етеді.

ҚМДБ Ислам дінінің сүнниттік бағытын, оның ішінде имам Әбу Ханифа мәзһабын ұстанады. Мұсылман үмбетінің басым көпшілігіне ортақ сенім ұста- нымдары мен шариғат шарттарын уағыздайды. Сенім, иман мәселелерінде имам Матуриди ақидалық мектебінің жолын ұстанады.

Иман негіздері (ақида)

Иман дегеніміз – жүрекпен сеніп, тілмен айту. Иманның жеті шарты бар:

  1. Алла Тағаланың бар әрі бір екендігіне сену;
  2. Періштелерге сену;
  3. Кітаптарына сену;
  4. Пайғамбарларына сену;
  5. Ақырет күніне сену;
  6. Тағдырға (жақсылық пен жамандық тек Алладан екеніне) сену;
  7. Өлгеннен соң қайта тірілу бар екендігіне сену.

Ақида – мұсылманның сенім мәселелерін қарастыратын ілім. Мұсылман ақи- дасының түп негізі – Құран мен Сүннет. Әрбір мұсылман: «Аллаға, Оның Өзіне тән есімдері мен сипаттарына кәміл иман келтірдім әрі Оның барлық әмірлеріне толық бойұсынып, қабыл алдым», – деп илануы қажет.

Алла Тағалаға тән сипаттар «Зати» және «Субути» болып екіге бөлінеді. А) «Зати» сипаттар алтау:

  1. әл-Ужуд (бар болу);
  2. әл-Қидам (әуелі жоқ әзәли);
  3. әл-Бәқа (мәңгі);
  4. Мухалафатун лил-хауадис (ешбір жаратылысқа ұқсамау);
  5. Қиям бинафсиһи (өздігінен бар, ешнәрсеге мұқтаж емес);
  6. әл-Уахданият (жалғыз). Ә) «Субути» сипаттар сегіз:
  7. әл-Илм (білу);
  8. әл-Кәләм (сөйлеу);
  9. әс-Сәмғ (есту);
  10. әл-Басар (көру);
  11. әл-Хаят (тірі);
  12. әл-Ирада (қалау);
  13. әл-Қудра (құдірет);
  14. әт-Тәкуин (жарату).

Имам Матуриди ақидасы төмендегі мәселелерді қамтиды: Аллаға сену

  1. Алла Тағала бар. Ол – «Уәжибул-ужуд». Яғни, бар болуы міндетті. Одан басқаның бәрі – «Мумкинул-ужуд». Яғни, бар болуы Аллаға тәуелді.
  2. Алла Тағала – жалғыз. Оның еш серігі жоқ. Сондай-ақ, Хақ Тағала затында, сипаттарында, істерінде – жалғыз. Яғни Алланың затына ұқсайтын ешнәрсе жоқ. Оның сипаттарына ұқсайтын сипат жоқ. Әрі Оның істеріне ешкім ортақ бола алмай- ды. Жаратушы да, басқарушы да – бір Өзі.
  3. Алла Тағала әуелден бар. Бар болуы бастаусыз. Есім-сипаттарының бәрі әзәли, яғни бастауы да, соңы да жоқ.
  4. Алла Тағала еш нәрсеге мұқтаж емес, өздігінен бар. Әлем жаратылмай тұрып Алла бар еді. Әлем жаратылғаннан кейін де Алла еш өзгермеді. Алла ешбір нәрсеге, мекен мен мезгілге тәуелді емес.
  5. Алла Тағала – мәңгі. Одан басқаның бәрі пәни (соңы бар). Алланың мәңгі болуы – өздігінен. Ал, Одан басқаның мәңгі болуы – өздігінен емес, Алланың ғана қалауымен.
  6. Алла Тағала еш нәрсеге ұқсамайды. Оның ұқсасы, теңдесі, серігі жоқ. Ол еш жаратылысқа ұқсамайды. Жаратылған нәрселер Оған ұқсамайды.
  7. Алла жауһар (дененің бөлінбес бөлшегі) емес, жисм де (физикалық дене) емес, ғариз де (физикалық денеде болатын кездейсоқ форма) емес. Өйткені, осы аталған нәрселер – жаратылған денелердің сипаттамасы. Сол себепті, жаратылысқа тән болған нәрсені Алла Тағалаға телуге болмайды.
  8. Алла Тағаланың зати, субути сипаттары хақ. Алла Тағала – тірі, Ол – құдіретті. Алла Тағаланың қалау, білу, сөйлеу, көру, есту, жарату секілді және басқа да сипаттары бар. Алланың сипаттары Оның нақ өзі емес. Сондай-ақ, өзінен тыс та емес.
  9. Алла Тағала кемшіліктерден ада. Оған жаратылысқа тән бала, әйел т.б. бол- мыстарды таңуға болмайды. Сондай-ақ, Алла Тағала өзі жаратқан нәрселерге ену, бірге болу, олардан ажырау немесе жабысу секілді ұғымдардан да ада.
  10. Алла Тағала бізге мәлім тілдік ұғымдағы келу, кету, қимылдау, тұрақта орналасу, сондай-ақ, жүз, көз, қол, аяқ, балтыр т.б. секілді жаратылысқа тән дене ұғымдарынан да ада. Ал, осы мағынада келген сөздер бізге мәлім тілдік ұғымда емес. Бұл сөздерде ерекше мағына бар. Бірақ, «Алланың өзі біледі» деп Аллаға тапсырамыз (тафуид жасаймыз). Қажетті жағдайда араб тілі қолданысында бар, Алланың ұлықтығына лайық астарлы мағынада жорамал (тәуил) жасалады.
  11. Алла Тағалаға кейіп, сурет, көлем, пішін, шек, тарап беруге болмайды. Алла Тағала жаратылыстарға тән осы сипаттардан ада.
  12. Алла Тағала сөйлейді. Оның кәләм сипаты бар. Бірақ Оның сөйлеуі біздің сөйлеуіміз секілді дауыс, дыбыс, әріптерден құралмайды.
  13. Алла Тағала мен оның пайғамбары Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) білдірген иләһи есім-сипаттардың барлығы хақ және олардың ешбірін жоққа шығаруға болмайды.
  14. Хақ Тағала сипаттарының барлығы бастаусыз қадим әрі мәңгі. Алла Таға- ланың сипаттары бұдан кейін де пайда болмайды. Өйткені, Ол еш өзгермейді. Алла әлем жаратылмай тұрып кемел болған. Әлемнің пайда болуымен немесе аяқта- луымен Оның кемелдігі толықпайды әрі кемімейді.
  15. Жәннат иелері Алла Тағаланы ақыретте көреді. Бірақ Оның көрінуі еш кейіпсіз, тарапсыз, арақашықтықсыз жүзеге асады. Оның ақыретте көрінуін жоққа шығаруға болмайды.

Періштелерге сену

  1. Періштелерге иман келтіру парыз және олардың өздеріне тән әртүрлі қыз- меттері бар. Олар жоққа шығарылмайды, ер-әйел деп жынысқа бөлінбейді.
  2. Періштелер нұрдан жаратылған. Алланың қалауымен әртүрлі кейіпте және адам бейнесінде де көріне алады. Бірақ жағымсыз бейнеде көрінбейді.
  3. Періштелер ішпейді, жемейді, көбеймейді. Олардың нақты саны Аллаға ғана аян.
  4. Төрт үлкен періште бар. Олар: Жәбірейіл, Микәйіл, Исрафил, Әзірейіл.

Кітаптарға сену

  1. Елшілерге түскен төрт қасиетті кітап – Тәурат, Забур, Інжіл, Құран Кәрім ақиқат. Олардың ешбірін жоққа шығаруға болмайды. Тәурат, Забур, Інжіл кітапта- рының түпнұсқасына иман келтіреміз.
  2. Құран Кәрім пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жиырма үш жылда толық түскен. Құран Кәрім еш өзгеріске ұшыра- маған әрі ұшырамайды. Оның сақталуын Алла Тағала Өз кепілдігіне алған.
  3. Құран Кәрімде 114 сүре бар. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көзі тірісінде Құран Кәрімнің сүрелері, аяттары толық реттеліп, сүрелердің орны белгіленіп көрсетілген.
  4. Алла Тағаланың сөзі – Құран Кәрім жаратылмаған. Ал, жаратылған нәрсе- лер – қолымыздағы Құран кітабының қағаздары, бояулары, әріптері және оқығанда шығатын дыбыстары.
  5. Құран Кәрімде насих-мансух (үкімін жоюшы, үкімі жойылған), мухкәм-му- ташабиһ (анық-астарлы) аяттар бар. Құран Кәрім хақиқи-мәжази (тура-ауыспалы),

4

ғамм-хас (жалпы-жалқы), мутлақ-муқаййад (шексіз-шектеулі), мужмал-муфассал (ықшамды-кең көлемді) секілді үкімдерді қамтыған.

Пайғамбарларға сену

  1. Пайғамбарларға сену – парыз. Олар – адам нәсілінен шығады. Ішеді, жейді, үйленеді, бала-шағалы болады. Адамзатқа тән асыл қасиеттердің барлығы пайғамбарлардың бойында табылуы хақ.
  2. Олар күнә жасамайды, өтірік айтпайды, ақиқатты жасырмайды, Алланың бұйырықтарын толық орындайды. Ақылы кеміс болмайды, жын соқпайды. Жұқпа- лы, адам жиіркенерлік аурулармен ауырмайды. Пайғамбарлар ғұмырында ақылынан алжаспайды.
  3. Пайғамбарлар – халыққа шариғатты жеткізушілер. Олар шыншыл, аманатқа берік, айрықша зейінді, сондай-ақ, бейкүнә деген міндетті сипаттарға ие. Пайғам- барлардың ер кісіден болуы шарт.
  4. Пайғамбарлардың алғашқысы – Адам (Оған Алланың сәлемі болсын), соңғысы – Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын). Одан кейін пай- ғамбар келмейді.
  5. Пайғамбарлардың саны мұнша деп кесіп айтылмайды. Құран-Кәрімде жиырма бес пайғамбардың аттары аталған. Олар: Адам, Ыдырыс, Нұх, Салих, Һуд, Ибраһим, Лұт, Исмаил, Ысқақ, Жақып, Жүсіп, Айюб, Зүл-Кифіл, Шұғайып, Мұса, Һарун, Дәуіт, Сүлеймен, Ілияс, әл-Йасағ, Жүніс, Зәкария, Жақия, Иса, Мұхаммед (оларға Алланың сәлемі болсын).
  6. Олардың бесеуіне «улул-азм» (ұлы пайғамбарлар) деген атау берілген. Олар: Нұх, Ибраһим, Мұса, Иса, Мұхаммед (оларға Алланың сәлемі болсын).
  7. Пайғамбар екендігін растау үшін оларға мұғжиза беріледі. Мұғжиза пай- ғамбарларда ғана болады.
  8. Расул мен нәбидің айырмашылығы бар. Расулдарға кітап түседі, шариғат беріледі. Ал нәбиге кітап түспейді, шариғат берілмейді. Керісінше, өзінің заманын- дағы немесе өздерінен бұрын өткен расулдардың шариғатымен жүреді.
  9. Пайғамбарларды Алла Тағала өз қалауымен жіберген. Сондықтан, пайғам- барларды жіберу Алла Тағаланың міндеті болып есептелмейді.
  10. Мұхаммед пайғамбардан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кей- ін өзін пайғамбар деп жариялау – күпірлік.

Тағдырға сену

  1. Тағдырға сену – парыз. Сондай-ақ, оның жақсылығы да, жамандығы да Алладан деп сену – міндет.
  2. Тағдыр – Алла Тағаланың жаратылыстан жасырған сыры. Оны Алланың Өзінен басқа ешкім білмейді. Тіпті, пайғамбарларға да, періштелерге де беймәлім.
  3. Тағдырды болжауға тыйым салынған. Оның сырын ашуға талпыну – ада- сушылық.
  4. Тағдыр Алланың қалауымен болады. Алланың қалауынсыз ештеңе болмай-

ды.

  1. Пендеде жеке жүзи ирада (өлшеулі, шектеулі, қалау мен таңдау еркіндігі)

бар. Адам осы таңдау еркі арқылы қандай да бір істі қалауға құқылы. Айталық, белгілі бір күнәлі іс жасау немесе мұқтажға көмек беру сияқты жақсылық жасау пенденің қалауы және таңдауы арқылы жүзеге асады. Осы амалды жасау барысында оны ешкім мәжбүрлеп, міндеттемейді. Сондықтан, пенде осы қалауы үшін ақыретте жауап береді. Алла Тағала пендеге бұл істі мәжбүрлеп істетіп тұрған жоқ, пенде өз қалауымен амалды таңдап, жүзи ирадасы (қалау еркіндігін) арқылы жасауда. Пен- де Алланың өзіне берген қалау еркіндігі арқылы қандай да бір істі жасауға әрекет етсе, Алла оған сол істі жасайтын күш (иститағат) беріп, амал-әрекетін іске асыра- ды. Бұл туралы Құранда: «Алла сендерді де, сендердің іс-әрекеттеріңді де жаратты» («Саффат» сүресі, 96-аят), – деп анық айтылған. Алайда, пенденің қалауы Алланың кулли ирадасынан (Алланың шексіз қалауынан) тыс болмайды. Бұл жөнінде Құран- да: «Әлемдердің Билеушісі Алла Өзі қалап бұйырмайынша, сендер өз беттеріңмен ешнәрсе қалай алмайсыңдар» («әт-Тәкуир» сүресі, 29-аят), – делінеді.

Ақырет күніне сену

Ақыретке сену және қияметте болатын істердің барлығын мойындау – парыз.

    1. Қабірде екі періштенің сұрақ алатындығы, сондай-ақ, онда азап пен рахат-

тың болатыны хақ. Оны жоққа шығару – күпірлікке апаратын адасушылық.

    1. Қияметте қайта тірілу, махшар, есеп-қисап, таразы, амал дәптерінің берілуі, сират көпірі, жәннат пен тозақ – хақ. Мойындамаған адам діннен шығады.
    2. Жәннат пен тозақ – мәңгі. Жаннаттықтар онда мәңгі рахат өмір сүреді. Кәпірлер тозаққа түскеннен соң оның отында мәңгі азап шегеді. Ал, күнәларының себебінен тозаққа түскен иманды жандар күнәларына сай жазасын алғаннан кейін тозақтан шығарылып, жұмаққа кіргізіледі.
    3. Ақырет күні Ислам заңдарымен өмір сүрген және де өзінің ізгі істері үшін молынан сауап жинаған адам амал дәптерін оң жағынан алады. Ал кімнің күнәлары көп болса амал дәптерін сол жығынан немесе артынан алады.

Ақидаға қатысты қосымша мәселелер

  1. Үлкен күнә жасаушы адам діннен шықпайды. Алайда күнәһар мұсылман саналады. Оны Алла өз қалауынша жарылқайды немесе азаптайды.
  2. Пенденің іс-әрекеттері әуелі Алланың жаратуымен, сосын өзінің (яки пен- денің өзінің) еңбегімен жүзеге асады.
  3. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағаты

хақ.

  1. Лаухул-махфуз бен қаламның бар екеніне иман келтіру – міндет.
  2. Аршы мен Күрсінің бар екендігі – хақ. Аршы – жаратылыстың ең үлкені.
  3. Сахабалардың ешбірін бөліп-жарып, алалауға болмайды. Жаннатқа кіреді

деп сүйіншіленген он сахабаның жұмақтық екені хақ.

  1. Тақуа көрінген адамды жаннаттық, ал күнәһар адамды тозақтық деп кесіп айтуға болмайды.
  2. Алла Тағала шынайы тәубе еткен пенденің күнәсінің бәрін кешіреді. Әулиелер пайғамбарлардан абзал болып есептелмейді.
  3. Пайғамбарлардан (оларға Алланың сәлемі болсын) кейінгі адамдардың ұлығы – Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли (оларға Алла разы болсын).
  4. Сахабаларға тіл тигізу – адасушылық.
  5. Әулиелердің кереметі – хақ.

Шариғат негізі (фиқһ)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат мәселелерінде Әбу Хани- фа мәзһабын басшылыққа алады. Шариғатты зерттейтін ілім «Фиқһ» деп аталады.

Ханафи мәзһабының негізін қалаушы – Нұғман ибн Сәбит Имам Ағзам Әбу Ханифа (80-150/699-767). Ханафи мәзһабын әлем мұсылмандарының шамамен 50 пайыздан астамы ұстанады. Бұл мәзһаб – Қазақстан мұсылмандарының сан ғасыр- лардан бері ұстанып келе жатқан сара жолы.

Ханафи фиқһы аят-хадистер негізінде төмендегі мәселелерді қамтиды:

  1. Ахкамул-ибадат (құлшылық үкімдері) – намаз, ораза, қажылық, зекет, құрбандық секілді Жаратушы мен пенде арасындағы қатынастарды реттейтін құл- шылыққа қатысты үкімдер;
  2. Ахкамул-муамалат (қарым-қатынастар үкімдері) – келісім-шарттар (сау- да-саттық, неке т.б.), қылмыстар мен оларға берілетін жазалар секілді адамдар ара- сындағы қатынастарды реттейтін үкімдер.

Ханафи мәзһабы бұдан басқа да көптеген қоғамдық қатынастарды реттейді. Ханафи мәзһабы – жүйелі ойлаудың үлгісі, азаматтардың арасында тепе-теңдікті негізге алған, уақыт өте келе бір жүйеге түсіп үлкен мектепке айналған, әлемнің түкпір-түкпіріне тараған, төзімділікті насихаттайтын фиқһтық әдістемелердің жиынтығы.

Ханафи фиқһындағы жауапкершіліктің түрлері:

  1. Парыз – жасалуы нақты әрі анық дәлелдермен бұйырылған амалдар мен міндеттер. Парыздар екіге бөлінеді: а) Парыз-айн: Әрбір мұсылман үшін орындауы тиісті парыздар. ә) Парыз-кифая: Әр мұсылманға жеке-жеке міндеттелмеген, мұ- сылмандардың кейбіреуі атқарған жағдайда басқа мұсылмандардың мойынынан жауапкершілігі түсетін міндеттер.

Парыздың үкімі: Орындалуы міндетті болғандықтан, парызды себепсіз өте- мегендер күнәға батады.

  1. Уәжіп. Ханафи ғалымдары парыз бен уәжіпті бөлек қарастырады. Уәжіптің орындалуына қатысты келтірілген дәлелдер парыз үкімі сияқты күшті әрі айқын емес.

Уәжіптің үкімі: Орындалуы міндет. Орындалса сауап, орындалмаса күнә ретінде есептеледі. Уәжіптің парыздан айырмашылығы уәжіпті мойындамаған кісі діннен шықпайды.

  1. Сүннет. Ислам құқығы бойынша, сүннет – пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) парыз бен уәжіптен бөлек істеген әрі істеуге ынталандырған іс-амалдары. Сүннет өз ішінде үшке бөлінеді:

а) Бекітілген сүннет (сүннә муәккәдә); ә) Бекітілмеген сүннет (сүннә ғайру

муәккәдә); б) Қосымша сүннет (сүннә зәуәид).

Сүннеттің үкімі: Бекітілген сүннеттерді орындау мол сауапқа кенелтеді. Немқұрайлы қарап немесе әдейі орындамаған кісі ақыретте жазаланбаса да, Мұ- хаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағатынан мақұрым қалуы мүмкін. Мұндай сүннетті біле тұра істемеу – танзиһи мәкруһ (жағымсыз іс). Сүннеттерді өзгерту – бидғат һәм адасу.

Бекітілмеген сүннетті орындау – сауап, ал орындамау – мәкруһ емес. Бұл са- наттағы сүннеттерді орындамау күнә болып саналмайды әрі ақыретте жауапқа тар- тылмайды.

  1. Мұстахап және оның үкімі. Бұл – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кейде ғана жасаған амал-құлшылықтары. Мұстахап амалдар құлшылық ғибадаттың салмағын арттырып, адамдар арасындағы өзара қа- тынастардың ізгіленуіне арқау болатын адами құндылықтар саналады. Мұстахапты орындау – сауапты іс, ал орындамау оның сауабынан құралақан қалдырады.
  2. Мүбах. Мүбах – рұқсат етілген, оны орындағанда да, орындамағанда да сауап немесе күнә жазылмайтын амалдар.
  3. Харам. Шариғат бойынша тыйым салынған іс-әрекеттер мен нәрселер. Харамның үкімі: Харамды тәрк ету – парыз. Оны жасаған адам күнә арқалайды.
  4. Мәкрүһ және оның түрлері. Мәкрүһ – жасалуы құпталмаған, ұнамсыз іс-әрекеттер мен нәрселер. Ол өз ішінде екіге бөлінеді: а) Тахрими мәкрүһ – харамға жақын мәкрүһ. Алла мен Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құпта- маған іс-амалдар. Бұл санатқа харамға жақын мәкрүһ нәрселер жатады. ә) Тәнзиһи мәкрүһ – халалға жақын мәкрүһ. Алла мен Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) нақты тыйым салмаған іс-әрекеттер мен нәрселер.

Мәкрүһтің үкімі: Тахрими мәкрүһті жасамау – сауап. Ал, оны жасау ақыретте азапқа душар етуі мүмкін.

Тәнзиһи мәкрүһ істерді жасау ақыретте азапқа душар етпейді. Бірақ, оны тәрк ету – сауап.

Имам Әбу Ханифа және ханафи ғалымдарының фиқһ әдіснамасында сүйенген дәлелдері:

  1. Құран Кәрім. Құран Кәрім – Ислам шариғатының негізі. Исламның жалпы қағидалары Құраннан алынады.
  2. Сүннет. Сүннет – Алла Елшісінің шариғат үкімдерін қамтыған сөздері, іс-әрекеттері мен мақұлдаған істері.
  3. Ижмағ. Ижмағтың фиқһ әдіснамасындағы мағынасы – Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүние салғаннан кейін мұсылман мүжтәһид ғалымдарының бір дәуірде белгілі бір діни үкімге бірауыздан келісуі. Ижмағ нақты дәлел санатына жататындықтан, оған күмәнмен қарап, қарсы шығу – адасу.
  4. Қияс. Құран аяттары мен хадистерінде және ижмағта ашық үкімі жоқ қан- дай да бір қалыптасқан ахуалды Құран мен хадисте сөз болған қандай да бір жағдай- мен салыстыра отырып, ұқсастығына қарай шешім шығару. Қияс нақты бір негізге сүйенгенде ғана дұрыс саналады. Қияс арқылы Құран мен сүннетте негізі бар бір үкім шығарылады.

8

  1. Сахаба сөзі. Хазіреті Пайғамбармен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кездесіп, оған иман келтірген және мұсылман күйінде қайтыс болған кісіні

«сахаба» дейді. Көптеген Фиқһ ғалымдарының көзқарасы бойынша, ижтиһадпен шешілмейтін бір мәселеде сахабаның сөзі дәлел бола алады.

  1. Истихсан. Мүжтәһидтің қандай да бір мәселеге қатысты қияспен екі түрлі үкім беруі мүмкін болған жағдайда қолайлы үкім шығару. Истихсан әдісі «қиын- дықты тастап, жеңілін таңдау» принципі негізінде жүзеге асады.
  2. «Әдет-ғұрып». Қандай да бір елде көпшіліктің қолданысына енген белгілі бір қимыл-әрекеттен тұратын және сол халықтың өмір сүру салтына айналған әдет- тер жиынтығы. Шариғат негіздеріне қайшы келмей, арамды адал, адалды арам қыл- майтын, адамдар арасында әдетке айналған салт дұрыс (сахих) ғұрып болып сана- лып, негізге алынады.

Фиқһ әдіснамасындағы қосымша дәлелдер:

  1. Истислах. Истислах – масалиху мурсәләмен үкім шығару. Масалиху мур- сәлә – қоғам игілігі үшін көзделген істер. Исламда қолданылған игі істер мына бес нәрсені қорғау мақсатына бағытталған. Олар: дін, мал-мүлік, жан, ақыл және ұрпақ. Аят-хадиспен белгіленбеген игі істер «масалиху мурсәлә» (ижтиһад алаңына қал- дырылған игі істер) деп аталады.
  2. Истисхаб. Бұл – бірге болу және бір нәрсеге ие болу дегенді білдіреді. Ис- лам құқығының бір термині ретінде истисхаб бір нәрсенің сол күйінде қалуы бо- лып есептеледі. Яғни, бұрын бекітілген үкімнің жаңа дәлел табылғанша өзгеріссіз жалғасуы.
  3. Сәддуз-зәраиғ. Күнәға себепкер болатын жолдардың алдын алу мақсатын- да берілген үкім «сәддуз-зәраиғ» деп аталады.
  4. Бұрынғы шариғаттар. Хазіреті Мұхаммед пайғамбардан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұрынғы шариғаттардың үкімдері Ислам шариғатына қайшы келмеген жағдайда негізге алынады. Алайда бұрынғы шариғаттардың үкім- дері Құран мен сүннеттен ғана алынады.

Ислам этикасы (ахлақ)

Ислам этикасы ізгілік, адамгершілік мінез-құлық нормалары мен ұстанымда- рының жиынтығынан тұрады. Ол – мейірімділік, төзімділік, ықыластылық, шын- шылдық, тазалық, жомарттық, бауырмалдық, кеңпейілдік, аманатқа қиянат жасамау, ар-намысты сақтау, уәдеде тұру сияқты көптеген жалпы адамзаттық құндылықтар- ды қамтиды.

ІІ. Ислам, зайырлы мемлекет және зайырлы қоғам

Мемлекет – жанымызды, дүние-мүлкімізді, дінімізді, ар-ождан мен қадір-қа- сиетімізді ішкі және сыртқы дұшпандардан қорғайтын жоғарғы саяси институт. Мемлекет болмаса жеке адам өзін дұшпандардан қорғай алмайды. Анархияға жол беріліп, әділетсіздік орын алады. Ондай кезде адам құқығы аяққа тапталады. Мем- лекетсіз ұлттың мәртебесі сақталмайды.

Зайырлы мемлекет ұғымы «дінсіз мемлекет» деген түсінікті білдірмейді.

9

Кез-келген зайырлы мемлекетте дін жоққа шығарылмайды. Керісінше, мемлекетті мекен еткен азаматтардың діни ұстанымына еркіндік беріледі. Сенім бостандығына нұқсан келтірілмейді. Азаматтардың таңдауына сәйкес, діни ұстанымдары заңмен қорғалады. Зайырлы қоғамда ұлттар мен ұлыстардың діни сенімі бойынша бөлінуі- не жол берілмейді.

Құранда да зайырлылықтың белгісі көрініс тапқан. «әл-Бақара» сүресінің 256-аятында: «(Пенде баласын) дінге мәжбүрлеп кіргізуге рұқсат жоқ…»,–деп бұй- ырылған. Бұл аятта әрбір адам баласына ар-ождан бостандығы берілгені жайлы ба- яндалады.

Дініміз мемлекет алдында өтелуге тиіс мына міндеттерді орындауға шақы- рады: салық төлеу, заңдарға құрмет көрсету, халықтың амандығы үшін және бейбіт (рахат) өмір сүруі үшін құзіретті органдар бекіткен қағидалар мен ережелерге мой- ынұсыну, әскер қатарында борышын өтеу, міндетті зайырлы орта білім алу, қоғам мүлкіне аманат ретінде қарау, адал еңбекпен мемлекетке қызмет ету.

Ислам түрлі ұлт пен дін өкілдерінің тұрағына айналған зайырлы қоғамдағы азаматтардың әртүрлі діни сенімдеріне құрметпен қарауға үндейді және мұсылман қауымын соған тәрбиелейді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбетін өзге дін өкілдерінің сенімі мен ғибадатхана- ларына құрмет көрсетуге шақырған.

ІІІ. Ислам, Отан және әскери қызмет

Ислам діні Отанды, туған жерді, халықты, мал-мүлікті қорғауды қасиетті бо- рыш деп санайды. Дін және Отан – қасиетті ұғымдар. «Отанды сүю – иманнан»,

– деген қанатты сөз туған жерді аялауға, адам бойында отансүйгіштік сезімдерді оятуға жетелейді.

Хадисте Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Біз Ухуд- ты жақсы көреміз, Ухуд та бізді жақсы көреді», – деген. Ислам діні адам баласын туған елдің тауы мен тасына дейін жақсы көруге шақырады.

Мемлекет алдындағы маңызды міндетіміздің бірі – әскери борышымызды өтеу. Әскерге бару – діни әрі ұлттық борыш. Әскер Отанымызды ішкі және сыртқы жау- лардан қорғайды.

Тағы бір хадисте: «Екі түрлі көз ақыретте тозаққа күймейді: біріншісі–күнә- сына өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз, екіншісі–Отанды қорғап шека- ра күзеткен көз», – делінген. Ислам тек құлшылықтар діні ғана емес, ол Отанды қорғап, елді сүюге, адамзатқа адал болуға, қоғамға пайдалы іс жасауға тәрбиелейді. Туған жердің тұғырын биік ету – адамдық әрі мұсылмандық борыш.

ІV. Ислам және ұлт

Ислам діні әрбір ұлт өкіліне құрметпен қарап, адамзатты ұлтына, нәсіліне және жынысына бөлмейді. Құдай Тағала адамзатты бірін-бірі тануы үшін түрлі ұлттарға бөліп жаратқан. Бұл туралы Құран Кәрімде: «Әй, адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам ата мен Хауа анадан) жараттық. Сондай-ақ, бір- біріңді тану үшін ұлттар мен ұлыстарға бөлдік. Расында, Алла алдында ең абырой- лыларың – ең тақуаларың (Алладан шынайы түрде қорыққандарың). Алла барлық

10

нәрсені толық білуші, барлығынан хабардар» («әл-Хужурат» сүресі, 13-аят), – деп баяндалады.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:

«Әй, адамдар! Естеріңде болсын! Раббыларың – біреу, ешбір араб араб еместен, араб емес арабтан діндарлығынан басқа ешбір артықшылығы жоқ. Күмәнсіз Алла- ның алдында ең мәртебелілерің – діндар болғандарың», – деп ескертілген.

Ислам діні өз ұлтын сүюді құптайды. Бірақ шектен тыс ұлтшылдыққа жол бермейді. Адамдар қауымдасып өмір сүретіндіктен бір-бірімен тату-тәтті, жақсы мәміледе болып, бір-бірінің құқықтарына құрметпен қарауы керек.

Ислам, дінаралық қарым-қатынас және толеранттылық

Мұсылмандар тек өз дініндегі бауырларымен ғана емес, басқа дін өкілдерімен де жақсы қарым-қатынаста болған. Сондықтан, ойлары мен сенімдері бізден өзгеше кісілерге толеранттылық танытылады.

Исламда дінаралық толеранттылықтың орны ерекше. Алла Елшісі (оған Ал- ланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккеден Мәдинаға һижрат еткеннен кейін де ешбір адамды Ислам дінін қабылдауға мәжбүрлеген емес. Өзге дін өкілдерімен жақ- сы мәміледе болуды насихаттаған. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көршілермен қандай мәміледе болу керектігі туралы өз хадисінде:

«Егер көршің өзге дін өкілдерінен болса, онда сенің мойныңда бір ақысы бар. Ол сенің көршің болғаны үшін. Егер көршің мұсылман болса, екі міндетің бар. Ол – бірінші көршің, екінші мұсылман болғаны үшін. Ал егер көршің мұсылман-туысқа- ның болса, үш міндетің бар. Ол – көршің, мұсылман әрі туысқаның болғаны үшін»,

  • деген. Осы хадиске назар аударсақ, қоғамда бізбен бірге өмір сүріп жатқан барлық азаматтардың әр нәрседе өз құқықтары бар. Ол қандай дінде болсын, онымен жақсы мәміледе болу керек. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзге діндегілердің құқығын бұзбауды және олармен жақсы мәміледе болуды өсиет еткен.

Ислам және салт-дәстүр

Ислам – тек араб халқына емес, жер жүзінің барлық халықтарына тұтастай жіберілген, Бір Аллаға сеніп, құлшылық жасауды бұйыратын монотеистік дін. Ша- риғат сан түрлі халықтардың ерекшеліктері мен қасиеттеріне құрмет көрсетеді. Ис- лам ұлттық мәдениетті, ұлттық әдет-ғұрыптарды және дәстүрлерді жою, ұмыттыру үшін емес, сақтау, дамытуды мақсат етеді.

Халық ұстанған дұрыс әдет-ғұрыптар Ислам заңнамасындағы құқықтық нор- малардың бастауларының бірі болып саналады. Алла Тағала «Ағраф» сүресінің 199-аятында: «Кешірімді бол, ғұрыппен әмір ет және надандардан теріс айнал», – деп бұйырған.

Шариғат үкімдері басты қайнарын Құран Кәрім мен Пайғамбар (оған Алла- ның салауаты мен сәлемі болсын) сүннетінен алғандығы белгілі. Аталмыш мәндегі ғұрыптар фиқһ ілімінде тармақты үкімдерді белгілеуде заңды дәлел ретінде алына- ды. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мен сахабалары белгілі бір мәселеге үкім шығарғанда кейде халық арасында қалыптасқан ғұрыптарға да

11

сүйенген.

Фиқһ негіздерін зерттеуші ғұламалар Құран Кәрімдегі «Кешірімді бол, ғұрып- пен әмір ет және надандардан теріс айнал» деген аятты алға тартқан. Сондай-ақ, Аб- дулла ибн Масғұдтан (оған Алла разы болсын) жеткен мына риуаятты дәлел етеді:

«Мұсылмандар жақсы деп есептеген нәрсе Алланың алдында жақсы, мұсылмандар жаман деп көрген нәрсе Алланың құзырында жаман».

VIІ. Исламның ғылым, білім және тәрбиеге қатысты ұстанымы

Білім алу – исламдағы басты парыз. Құран Кәрімнің алғашқы түскен аяты

«Оқы!» деген сөзден басталады. Ислам Құран мен сүннетке сүйенген ілімдермен қатар зайырлы білім алуға да үндейді.

Мұсылмандар мемлекеттің білім беру саласындағы заң талаптарын орында- уды өздерінің басты міндеттерінің бірі деп біліп, балаларының толық орта білім алып, жан-жақты дамып-жетілуіне, өз білімін кәсіби орта және жоғары оқу орын- дарында таңдаған мамандықтарына сәйкес жалғастыруға кедергі келтірмейді. Дін- нің жеке адам мен қоғамды тәрбиелеудегі рөлін анық түсіне біліп, балаларының діни-рухани білім алуына да жағдай жасайды.

Білім алу, сауат ашу – Ислам дінінің ең басты талабы. Алла Тағала Құран- да: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?» («әз-Зүмәр» сүресі, 9-аят), – дейді. Құран Кәрімнің көптеген аяттарында білім жайлы айтылған. Алла Тағала: «Білме- сеңдер, ілім иелерінен сұраңдар!», – деп бұйырады («Нахыл» сүресі, 43 аят). Пай- ғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «Ілім алу – әрбір мұсылман ер мен әйел кісіге парыз», – деген.

Исламда отбасы тәрбиесі – аса маңызды игі амалдардың бірі. Ұрпақты иман- дылыққа, ізгілікке, адамгершілікке баулу – қоғамдық тәрбие мәселесіне оң ықпал етеді. Өйткені, қоғамның негізі отбасыдан құралады. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Әке өз бала-шағасына жақсы тәрбие- ден артық ештеңе қалдырмақ емес», – деген. Отбасына тек материалдық тұрғыдан көңіл бөлумен шектелмейді. Отбасының рухани тәлім-тәрбиесіне жіті назар аудару

– аса маңызды іс. Кіші мемлекет саналған отбасының тәрбиесі, өмірге деген көзқа- расы түзелсе, онда қоғам да түзеледі.

VIIІ. Ислам және медицина

Ислам дәстүрлі медицинаны қолдайды. Сонымен қатар, ислам Құран мен сүн- нетке қайшы келмейтін емделу жолдарын қолдануға шақырады.

Имам әл-Бухари мынадай хадисті жеткізген: «Медицина–аурудан айығуға көмектесер құрал». Тағы бір хадисте: «Ауруды жаратқан Алла сол ауруға емді де қоса жаратқан. Әй, Алланың құлдары емделіңдер!», – делінген.

Медицина ғылымындағы соңғы жетістіктер – талай жылғы тәжірибенің арқа- сы ғана емес, бұл Алланың өз құлдарына жасаған қамқорлығы. Имам Муслим жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Барлық ауруға дәрі бар. Дәрі ауруға дәл келсе, Алла ол кісіні айықтырады», – деп аурудан емделуге, дәріні қолдануға рұқсат берген.

Құран мен Пайғамбар сүннетінде аурудың алдын алуға қатты көңіл бөлген.

12

Сондықтан, бүгінгі күнгі заманауи екпелерді қолдану орынды. Усама ибн Зайд жет- кізген хадисте: «Қандайда бір жерде жұқпалы ауру тарады дегенді естісеңдер, ол жаққа бармаңдар. Егер оба ауруы сендер тұрған жерде тарай бастаса, ол жерден кет- пеңдер», – деп баяндалған. Бұл хадисте аурудан абай бол және өршітпе деп ескертіл- ген.

Тағы бір хадисте: «Кім таңғы аста әжуаның (құрма түрі) жетеуін жесе, оны сол күні у алмайды әрі сиқырлық оған өтпейді», – деген. Бұл хадис аурудың алдын алуға шақырады.

Ислам және отбасы

Исламда некелесу, отбасын құру сүннет амалына жатады. Неке мәселесін ша- риғат заңында (фиқһ) «әл-Ахуалуш-шахсия» отбасы құқығы нормативтик актісі рет- тейді. Оған тұрмыс құру, ерлі-зайыпты арасындағы қатынасқа байланысты болған бүкіл шариғат үкімдері, жар таңдау, құда түсу, неке, қалың мал, әйел мен ердің жеке және ортақ міндеттері, үйленуге тыйым салынған туған-туыстар, тыйым салынған неке түрлері, ажырасу, әйелі мен бала-шағасын, жақын туыстарын нәпақамен қамта- масыз ету, ұл-қыздарына, ата-анасына және жақындарына мұрагерлік үлесін бөлу үкімдері де жатады.

Қазіргі қалыптасып отырған жағдайды ескере келе, отбасын құратын қыз бала ата-анасының келісімін алуы міндетті. Сонымен қатар, некені туған-туысқандар, қоғам алдында жария ететін ұзату, үйлену той жасау құпталады.

Құмар ойындары, нашақорлық пен ішімдікке қатысты Исламның ұстанымы

Ислам діні адамның санасын улайтын, ақыл-ойын аздыратын нәрселерге тыйым салады. Мұсылманға денсаулығын, ақыл-ойын, болашақ ұрпағын қорғау- ды міндеттейді. Ислам діні бар болмысымен нашақорлықты адамзат өркениетіне қауіпті зұлымдық деп есептеп, жүйелі түрде қарсы шығады. Құранда: «Әй, мүмін- дер! Хамр (мас қылатын заттар), құмар ойындар, тігілген тастар және бал ашатын оқтар лас шайтанның істерінен. Олардан сақтаныңдар, құтыласыңдар. Шындығын- да шайтан хамр, құмар ойындары арқылы араларыңа дұшпан кегін салып, Алланы еске алуды және намаз оқуды қойғанды қалайды. Ал, сонда да тыйылмайсыңдар ма?» («әл-Мәида» сүресі, 90,91-аяттар), – делінген.

ҚМДБ-ның радикалды, теріс пиғылды және жалған діни ағымдарға қатысты ұстанымы

ҚМДБ Қазақстан аумағында жария түрде неме се астыртын жұмыс істейтін әр түрлі радикалды, теріс пиғылды, жалған діни де структивті ағымдардың ұстанымдарымен келіспейді. Ел мұсылмандарының бірлі- гі үшін ықылым замандардан бері қазақ халқының діліне сіңісті болған Ханафи мәзһабын ұстануға шақырады. Танымдық мәселелерде Матуриди мектебінің ұстанымдары негізінде қалыптасқан таным тұғырын ұстануға үндейді.

13

XІI. Ислам және жиһад

«Жиһад» сөзі араб тілінде тілдік тұрғыдан алғанда белгілі бір нәтижеге, мақ- сатқа жету үшін яки бір істі істеу үшін бар қажыр-қайратың мен ынта-жігеріңді жұмсау, тырысу, күресу деген мағыналарды білдіреді. Ал, бұл сөзді ислам дінімен байланыстырып, діни сенім-наным тұрғысынан алғанда, жиһад адамға Алла Таға- ланы тану үшін жол ашу дегенді білдіреді. Жаратушыны тануға сауатсыздық, ке- дейшілік, ерік-ойға, санаға жасалған шектеулер кедергі келтірсе, солармен күресу үшін атқарылатын барлық іс-шара жиһад болып есептеледі. Алла разылығы үшін істелген әрбір іс-әрекет «жиһад» болып саналады.

«Жиһад» сөзі мұсылмандардың қасиетті кітабы Құран Кәрімде отыз бес рет әр сүреде әртүрлі мағынада айтылады. Осы аяттардың төртеуі ғана қолға қару-жа- рақ алып, дін дұшпандарына қарсы тікелей соғысу мағынасында келген. Ал, қалған аяттарда басқа мағыналарда қолданылған. Қарулы жиһад тек қорғаныс мақсатында жүргізіледі.

Жиһад – мұсылманның өз нәпсісімен үздіксіз күресі, ең әуелі өзін-өзі түзетуі. Ішкі дүниені, жүректі тазарту. Пенде өз болмысын қызғаншақтық, қанағатсыздық, сабырсыздық, жалқаулық, тәкаппарлық секілді күллі теріс қылықтардан арылтып, олардың орнын көркем қасиеттермен толықтыруы керек.

Хазіреті Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірде Тәбук ғазауатынан шаршап-шалдығып келе жатқан сахабаларына: «Біз қазір кіші жиһадтан үлкен жиһадқа қайттық», – деген кезде, сахабалары: «Уа, Расулулла,

«үлкен жиһад» деген не?», – деп таңданып, сауал қояды. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ол – өз нәпсіңмен күрес», – деп қысқа да нұсқа жау- ап қайырады.

Осы мағынадағы жиһад адамды ар тазалығына, жан тазалығына, жан тәрби- есіне, рухани-өнегелік тәрбиеге жетелейді.

XIІІ. Ислам және біртұтас үмбет түсінігі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қазақстан Республикасының

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын және басқа да қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады. Сонымен қатар, қазақ халқы- ның сан ғасырлардан бері қалыптасқан діни дәстүрлері мен ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жүргізеді.

ҚМДБ өз жұмысын жергілікті жерде қалыптасқан мұсылмандық дәстүр- лерінің негізінде жүргізіп, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңында көрсетілгендей, Әбу Ханифа мәзһабының бағытына, ал діни сенім мәселесі бойын- ша Матуридидің танымдық мектебіне толық басымдық береді.

Тарихта мұсылмандар бірліктің арқасында ірі-ірі табыстарға қол жеткізген. Мұсылмандардың бірлігі бұзылып, бөліну орын алғанда, түрлі қиындықтарға тап болып, өзге саяси күштердің отарына айналған.

Бірлік – қуаттың, күштің көзі, ал бөліну мен алауыздық әлсіздікке жол береді. Біздің міндетіміз – мұсылмандар арасындағы бірлікті сақтау, жік-жікке бөлінуге жол бермеу. Құранда: «Барлығың Алланың дініне жармасыңдар, бөлінбеңдер», – делінген («Әли Имран» сүресі, 103-аят).

14

Ислам – бейбітшілік, зиялылық, имандылық, шапағат, қайырым, мейірім діні. Ол тек арабтарға немесе белгілі бір ру, тайпа, ұлт, нәсілге емес, бүкіл адамзатқа жіберілген. Олар ынтымақта болсын, бірін-бірі танысын, достықта өмір сүрсін деп түсірілген.

Дін – бүкіл әлемде адамдардың рухани дүниетанымын байыта отырып, жер бетіндегі адамзат қауымының өмір сүру игілігіне өз үлесін қосатын қуатты күш. Сондықтан, сол күшті адамдар арасындағы достық пен ынтымақтастыққа және мемлекетіміздің дамуына жұмсау қажет. Соның ішінде өзара келісім мен жарасым- дылыққа Ислам дінінің қосар үлесі өлшеусіз.

Қазақстан әлем алдында досқа қамқор, дұшпанға кешірімді, көршілерге мей- ірімді ел екендігін дәлелдеп келеді. Дана халқымыз: «Бірлік бар жерде–тірлік бар»,

  • дейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының осы тұғырнамасы еліміз- дегі мұсылман үмбетінің түрлі діни пікіралуандығына байланысты бөлінуіне жол бермеуді мақсат етеді. Мешіт жамағатының Құран Кәрім мен хазіреті Мұхаммед пайғамбар (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көрсеткен дұрыс жолдан таймауына, мәзһаб пен сенімге (ақидаға) байланысты жік-жікке бөлінбеуіне, Ислам дінінің бейбітшілік пен бірлікке шақырған тура жолымен жүруге Тұғырнаманың ықпалы болады деген сенімдеміз.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған