Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы қызметкерінің ЭТИКАСЫ

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИМАМДАР ФОРУМЫНДА

Б Е К І Т І Л Д І

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы қызметкерінің

ЭТИКАСЫ

Астана

19-ақпан, 2015 ж.

«АллаТағалакімгежақсылықтықаласа, соғандіндітереңтүсінудінәсіпетеді»

(хадис)

ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР

Діни қызмет – мәртебелі міндет және имам-молда- лардан жоғары адамгершілік құндылықтар талап етеді.Ислам дінінің қызметкерлері барлық білімі мен тәжірибесін ел бірлігін нығайтуға, имандылығын арттыруға жұмсайды.Дін қызметкерлері жұмыс барысында Алланың әмірін басшылыққа ала отырып, өмірінің барлық кезеңін де хазіреті Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетін үлгі тұтады, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын ескереді.Отанына, Қазақстан Республикасының азамат- тарына, мұсылман үмбетіне, ел игілігіне қалтқысыз қызмет етеді.Қызметке қатысты әдептер ҚМДБ қызметкерлері:Ислам дінінің негізгі қайнары Құран Кәрім менПайғамбар Сүннетін негізге алуы;Қазақстан Республикасы Конституциясын жәнеЗаңдарын басшылыққа алуы; Елбасының халықбірлігіне және қоғамныңтұрақтылығына бағытталған саясатын қолдауы;елімізде бірлікті, ұлтаралық-дінаралық келісімдінығайтуға ықпал етуі;Қазақстандағы түрлі дін өкілдеріне және олардыңдіни ұстанымдары мен көзқарастарына құрметпен қарауы;Тұрғындарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен әңгімелесу барысында діни алауыздықтың туындауынажол бермеу;Қазақстан мұсылмандары Құрылтайында қабылданған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының(бұдан әрі – ҚМДБ) Жарғысын, мешіт Ережесін, Бас мүфтидің бұйрықтарын, Төралқа қаулыларын басшылыққа ала

отырып, қоғам мен діннің игілігіне қызмет етуі;шариғат мәселелерін толық меңгеруі,ҚұранКәрімді жақсы оқуы, халыққа Исламның шарттары менталаптарын, діни түсініктерді дұрыс жеткізе білуі;ғаламтор, заманауи ақпарат алмасу және байланысқұралдарын жетік меңгеруі, шешендік өнер мен сөйлеу

әдебін игеруі;сеніп тапсырылған діни мекеме мен мешіт мүліктерін ұқыпты ұстауы, оны жеке мүддесіне пайдаланбауы;мешітке келушілерге көркем мінез көрсетуі,олардың өтініштері бойынша қажетті шараларды жүзегеасыруы;қарамағындағы қызметкерлері және әріптестерімен қарымқатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы;өзінің қызметтік міндеттерін адал, әділ, табандылықпен және сапалы атқаруы, бекітілген киім киюәдебін сақтау;өзінің іс-әрекеттері арқылы Ислам атына кіркелтірмеуі, мешітке қаржы немесе басқалай түрде түскенқайыр-садақаны мешіттің қажетіне, мұқтаж жандарғажұмсауы;жұмыс уақытын тиімді пайдалануы, жоғарыкәсіби жұмыс үшін барлық күш-жігерін жұмсауы, белсенді болуы, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы әрітиімді әдістерін қолдануы;қызметтік міндеттерін орындау барысындатуыстық және жерлестік белгілері бойынша қиянат жасауға жол бермеуі;қарамағындағы қызметкерлердің мүмкіндікшеңберінен тыс, қабілеті жетпейтін, қызметтік міндетінежатпайтын тапсырмалар жүктемеуі;

қол астындағы қызметкерлері мен әріптестеріне қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік көрсетуге, адами қадір-қасиетін кемсітуге жол бермеуі;

мешіт, медресе, намазхана, басқа да діни орындардың ішіндегі белгіленбеген орындарда сауда жасамауы;өзін жан-жақты дамытуы, қосымша ілім алуы, зайырлы білімдерді меңгеруі, үгіт-насихат жұмыста- рында уағызды Қазақстан тарихымен, салт-дәстүрмен, әдеп-ғұрыппен, би-шешендердің қанатты сөздерімен, мақал-мәтелдермен ұштастырып, қазақ халқының ұлы тұлғаларының (әл-Фараби, Қожа Ахмет Йасауи, Жүсіп Баласағұни, Абай, Ыбырай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, т.б.) өсиет өлеңдері және ғибратты әңгімелерімен көркемдеп айтуы;

жеке басының тақуалығын арттыруы, намазға, барлық құлшылықтарға аса ыждаһаттылықпен қарауы, бес уақыт намаз бен жұма, айт, жаназа намаздарын өзі атқаруы;

мешітті ғибадат орны, сондай-ақ, ғылым-білім, мәдениет, әдеп, инабаттылық пен имандылық ордасына айналдыруы;

шариғат мәселелерінде Әбу Ханифа мәзһабы- ның, ал, ақидалық және діни-танымдық мәселелерде Матуриди мектебінің пікірлерін басшылыққа алуы;

халықпен жұмыс жасағанда аймақтағы тілдік, мәдени, рухани ерекшеліктерге жіті мән беріп, жергілікті тұрғындармен санаса білуі;

діни қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікір алмасуларды көркем түрде, әдеппен жүргізуі, өзге діни ағым өкілдерімен пікірталаста өз көзқарасы мен пікірін таңбай, даналық көрсетіп, биязылық танытуы, дөрекілікке жол бермеуі;

Діни басқармаға қатысты жағымсыз пікір тарат- пауы, арсыз, ғайбат сөздерге жол бермеуі, әріптестерінің жеке басына қатысты сырын ашпауы;

өз қатесін мойындай білуі және кемшілігін түзеуге тырысуы;

діни қызмет саласында мансапқор, мақтансүйгіш болмауы;

ұжымда іскерлік танытып, қызметкерлер арасын- дағы ынтымақ, бауырмалдық құндылықтарды арттыруға ықпал етуі, олардың отбасы, әлеуметтік жағдайына мән беруі, ұжымда кез-келген мәселе көрініс берген жағдайда дер кезінде орынды, оңтайлы шешім қабылдауы;

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде көрсетілген талаптарды сақтауы, қызметкерлердің белгілен- ген жұмыс уақытын қадағалауы, жалақы, еңбек демалысы, т.б. жағдайларды уақытылы реттеп отыруы;

қызмет барысында жеке мүдде үшін коммерци- ялық, үкіметтік емес ұйымдардың, отандық және шетел- дік қоғамдық қорлардың, түрлі компаниялардың, саяси ұйымдардың жұмысын насихаттамауы немесе қызметкер- лерді осындай жұмыстарға пайдаланбауы;

Діни басқарма атынан, діни бірлестікке және жалпы Исламның имиджіне нұқсан келтіретін орынсыз мәлімдемелер мен түсініктемелер бермеуі тиіс.

Отбасы мен қоғамға қатысты әдептер

ҚМДБ қызметкерлері – қоғамныңтәрбиешілері.Адамдардыжақсылыққашақырып, жамандықтантыюдаәуелідінқызметшілерініңөздеріүлгіліотбасыболуытиіс.Ол үшін:мұсылманшылыққа, мешітке кір келтіретін терісқылықтардан, кикілжіңнен алыс болуы;Отбасы мүшелеріне барлық жағынан қамқорболуы:ата-аналарды құрметтеу, лайықты өмірлерінқамтамасыз ету;зайыбын құрметтеу және оны қолдау, азаматтыққұқықтарын шектемеу;

– балаларын дәстүрлі құндылықтар рухында тәрбиелеу,білімге, отансүйгіштікке баулу және барлық қажеттіліктерменқамтамасыз ету.көршілерімен, туған-туыстарымен жақсықарым-қатынаста болуы, оларға әрдайым құрмет көрсетуі,қайғысы мен қуанышына үнемі ортақтасып отыруы;әрдайым игі істер мен қайырымдылық ш а р а л а р ы на өзі бастамашы болуы, қоғамды ізгіліккебастауы;қоғамдық іс-шараларға қатысып, белсенділіктанытуы тиіс.

Қызметке тағайындалған сәттен дін қызметшілері«Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы қызметкерінің Этикасымен»жазбаша түрде танысуға міндетті.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған