Ауыл имамына көтерме қаржы және мал берілді

ҚМДБ–ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен, Жалпақтал мешітінің бас имамы, дінтанушы Тілек қажы Нұралиев «Орал» медресе колледжінің  түлегі Темрешов Ержан Сапарғалиұлын аудан көлеміндегі шалғай орналасқан ауылдардың бірі «Талдықұдық» ауылдық мешітіне имамдық лауазымына тағайындады.

Ал, ізгі және қажетті шаруа атқарған адамның бәсі де жоғары болады десек,  Тілек қажы Нұралиев ағамыздың ұйымдастыруымен жас имамға 300000 (үш жүз мың) теңге көтермелеу қаражатымен қоса, игілігін көрсін деп 3-4 сауынды ірі қара малын және 5- қой ұсақ жандықтарын керегесіне байлап табыстады.

Әсілінде, қазір халқымыздың ұлттық дәстүрімізбен  бірге біте қабысқан асыл дінімізге деген көзқарасы артып отыр. Жергілікті  әкімшілік соңғы кезде дін сала мамандарына жақсы көңіл бөліп, жас имамға тұрғылықты  баспана берді.

Казталов ауданына қарасты алты мешіттің  имамдарына Жалпақтал мешітінің бас имамы, дінтанушы Тілек қажы Нұралиев  аудан  әкімшілігімен  келісе отырып, олардың еңбекақысын  оңтайлы шешкен.

Жалпақтал ауылдық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған