Аурудан сақтану тағдырға қарсы шығу емес!!!

Алдымен әр ауруға шипа берген Алла Тағалаға шексіз мақтаулар мен мадақтаулар айта отырып әр сүннетінде хикметке толы пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) салауаттар мен оның ұрпағына, асхабтарына сәлемдер жолдаймын.

Ислам діні өте кең дін. Себебі кез-келген мәселеге тап болсаңыз Ислам діні оң шешімін тауып береді. Ал қазіргі таңда жер жүзіне етек жайған індетке келер болсақ. Дінімізде бір ауру келген жағдайда одан сақтанып, ем іздеу міндеттілігі туралы дәлелдер табуға болады.

Құран мен пайғамбар сүннетінде – аурудың алдын алуға қатты көңіл бөлген. Алдымен Құран Кәрімде Ибрахим (ғ.с.) мүшриктерге Алланы былайша сипаттағанын анғарамыз: «Егер мен ауырсам, (Алла) мені аурудан айықтырады…» (Құран 26:80)

Ал имам Бухари (р.ғ.) мынадай хадистің барын айтады: «Медицина аурудан айығуға көмектесер құрал». Тағы бір хадис бар: «Ауруды жаратқан, сол ауруға емді де қоса жаратқан еді». Бұл хадисттер атақты сахаба Әбу Һурайра (р.а) аузынан бізге сахих жолмен жеткен. Сахих дегеніміз – еш өзгерусіз дегенді білдіреді. Бұдан да бөлек, сахих хадистердің барлығында, «ауру бар болса, сол аурудың емі де бар» деген сөздер айтылған. Сондықтан да, адам өз ауруына ем іздеп, медицина іліміне жүгіну міндет екенін көрсетеді. Әз-Зарнуджидің атақты «Тағлимул мутағаллим» атты кітабында медицина ілімі мен шариғи ілімді алу міндет екен де басып айтқан. Себебі медицина тәннің амандығына себепші болса, шариғат жанның амандығына себепші.

Әбу Хурайра жеткен мына бір хадисті оқып көрейік: «Алапеспен ауыратын адамнан арыстаннан қашқандай қаш». Егер, жақсылап оқысаңыз, аурудың алдын алуға, жұқпалы дертке шалдықпаудың бар қамын жасауға шақырып тұр. Хадисте: «Белгіленген тағдырың орнауы үшін, алапес адаммен отыр» делінбеген. Дәл осындай тағы бір хадис Усама ибн Зайд жеткізеді; «Қандай да бір жерде жұқпалы ауру тарады дегенді естісеңдер, ол жаққа бармаңдар. Егер оба ауруы сендер тұрған жерде тарай бастаса, ол жерден кетпеңдер». Бұл хадиске назар салсаң «аурудан абайла және ауру басқа жаққа таралып кетпесін!» деген ескертулер жатыр.  Сол үшін құрметті Барлық нәрсе Алладан деп сенуші мұсылман оқырмандар, медицина тілімен айтқанда «карантин» ережелерін толық сақтау керекпіз және соған біз үлгі болу керекпіз. Керісінше тағдырымда ауру жазылған болса ауырамыз немесе жазылмаса ауырмаймыз деп наданның сөзін айтпау керекпіз. Ондай надандар Омар (р.а) кезінде де болған. Ол туралы Омар (р.а) да шариғат негізінде жауап беріп тастаған.

Аурудың алдын алу Жаратушының белгілеп қойған тағдырына қарсы шығу емес. Ия сіздер айтасыздар «егер Алла тағала тағдырына жазып қойса, ештеңе оған қарсы шыға алмайды», – деп. Расымен де тағдырдырдың бәрі Алланың қалауынсыз болмайтынына  иман келтіреміз. Ал мына бір Имам Муслимнен жеткен хадистен мидицинаның ойлап тапқан дәрісі туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деп айтты: «Барлық ауруға дәрі бар. Дәрі ауруға сәйкес келсе, жаратушының әмірі мен ол кісі айығады». Осыны алға тарта отырып Муслим «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) аурудан емделуге дәріні қолдануға рұқсат бергеніне көзіміз жетеді» деді. Демек, ем де Алланың қалауы емес пе?!

Алла берді екі жол. Бірі онда. Бірі сол. Ойланыңдар бауырлар!

Дүние қысқа, ақырет мол», деп Ақын Майлықожа тағдыр турасында ерік пен қалаудың бар екенін де алға тартады. Онсыз да Алла Тағала Алла Құран Кәрімде: «Оған (адамға) жақсылық және жамандық жолдарын көрсетпедік пе?»«Кім жақсылық істесе пайдасы өзіне, ал, кім жаманшылық істесе оның зияны да өзіне. Раббың құлдарына ешқашан зұлымдық жасамайды»,–деп жақсы, жаманды таңдаудағы адамға берілген ерікті білдіреді. Ол жақсы мен жаман тек Алла мен құлының арасындағы мәселе емес, пенденің өзіне, жан ұясына келіп-кетер жақсы мен жамандылықты талдап, таңдай білу керек.

Ал, емделу – міндет әрі денсаулығымыз үшін Алладан сұралатынымыз хақ.

Наурыз Убаев,

 Орал орталық мешітінің наиб имамы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған