Аудандағы игі шаралар

Мәуліт мерекесіне орай «Бірлік» деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығының бастауымен Теректі  аудандық мешітінің қолдауымен «Білімді жамағат» зияткерлік сайысы мен  «Дені саудың-жаны сау» спорттық сайысы ауданаралық  жамағат арасында болып өтті.

Бұл шараға Орал орталық мешітінің наиб имамы Ерденбек Ихсанов, Тәжіден Батырұлы атындағы мешітінің наиб имамы Наурыз Убаев, Теректі, Бөрлі, Тасқала аудандарының жамағаттары қатысты.

Алдымен Ерденбек Жанұзақ сөз алып, сайыстың ерекшелігіне тоқтап, ақ жол тіледі.

«Білімді жамағат» зияткерлік сайысында 1 орында Теректі, екінші орында Бөрлі, үш орынды Тасқала ауданың жамағаттары иеленсе, ал, «Дені саудың-жаны сау» спорттық сайысында 1 орында Тасқала, екінші орын Бөрлі, үш орынды Теректі иеленді.

Жеңімпаздарға арнаулы дипломдар мен сый-сияпаттар табысталды.

Теректі аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған