Аудан имамдары жылдық есеп тапсырды

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Орал» орталық мешітінде қала және аудан имамдары,  жыл бойы атқарылған іс-шаралар туралы есеп беру жиналысы өтті.

Облыстық орталық мешітте дәстүр бойынша барлық аудан имамдары жылдық жұмыстары жайында есеп беріп, жоспарларымен бөлісті.

Орал орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұловтың басшылығымен өткен дәстүрлі жиынға  аудан, екі қаланың имамдары қатысты. Мұндағы мақсат – дін насихатын күшейте түсу, имамдардың біліктілігін арттыру, тәжірибесін шыңдау, діни қызметтің жауапкершілігін сезіндіру, кеткен кемшілік пен олқылықтарды болашақта барынша болдырмау.
Имамдар бұл жолы жылдық есепті  ойдағыдай орындап, әр  бас имам жеке-жеке баяндады.

Жылдық есепте мынадай тақырыптар талқыланды: имамдардың діни мерекелік шараларға атсалысуы; жағдайы төмен отбасыларға көмек шараларын ұйымдастыруы; мешітте уағыз-насихат жүргізуі; елді ынтымаққа шақыра білуі; жастармен кездесулер өткізу нәтижелері, т.б.

Имамдардан жылдық есеп алу барысында өкіл имам Еркебұлан Ыбырайымұлы өз ісін жауапты және ойдағыдай атқарған имамдарды ерекше атап өтіп, алғысын білдірді. Жиналыста имамдардың ұсынысы, алдағы жұмыс жоспарлары да тыңдады. Жиналыс соңын қатысушылар Жаратқаннан  жылдың да жемісті болуын тілеп, дұғамен аяқтады.

Ендеше, имамдарға берекелі еңбек болып, әр ісі сауаптан жазылғай!

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған