Асыл тәжім – Орамал

Жақында  ҚМДБ-ның «Әйелдер-қыздар»  секторы  БҚО бойынша жетекшісі Анар Демеутованың бастамасымен қаламыздың ең әсем  «GRAND ZODIAK» мейрамханасында   «Асыл тәжім – Орамал» атты рухани кеш өткізілді.

Орамал – мұсылман әйелдерге Жаратқанның сыйға тартқан ең қымбат сыйлығы. Алла Тағала Ағзап сүресінің 59-шы аятында: «Әй, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт! Үйлерінен шығатын болса үстеріне жілбабін жапсын яғни жамылғысын! Бұл оларды жеңіл күң емес жезөкше емес, азат әрі пәк әйел екендігін тануға, оларға бөтен еркектердің тиіспеуіне жақын.»
Алла Тағала қасиетті Құранда айтқан Орамал нәзік жанды аруларымыздың қорғанышы. Рухани кеш Қасиетті Құранмен басталып, мешіт ұстазы Анаргүл Темірболатқызы кешке жиналған жамағатты аталмыш ерекше күнмен құттықтап, «Орамал» турасында ғибратты әңгіме айтып,барша келген аруларымызға алғысын білдірді.
Әрмен қарай әсерлі қойылым көрсетіліп, қаламыздың ең жақсы деген косметологы бетті күтудің жолдарын көрсетіп, психолог өз тәжірибесімен бөлісіп, көрермен қойған сұрақтарға жауап берді.
Асыл тәждей болған орамалымызды әдемі етіп тағудың жолы, арнайы орамал тағудан шеберлік класс көрсетіліп, имандылық пен инабаттылықтың көрінісіндей болған «Фатима» коллекциясы көрерменге ұсынылды.
Нашид айтылып, мешітіміздің алғашқы ұстазы Назгүл Медерқызы орамал туралы жүрек тебірентер жыр арнап, орамал турасында уағыз айтты.
Кешке келген қонақтарымызбен ойын ойнатылып, нәзік жандыларымыз кештен алған әсерлерімен бөлісіп, өз алғыстарын білдірді.
Кеш соңында арнайы дайындалған фуршеттен дәм татып, орамал, косметика, қолөнер шеберлерінің туындысымен танысып, орамалды аруларымыз әсерлі де әдемі көңіл-күймен тарасты.
 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған