АСПАЛЫ КӨПІР ЕЛ ИГІЛІНЕ БЕРІЛДІ

Қасиетті жұмада Сырым аудандық мешітінің ұйымдастыруымен және ауылдық кәсіпкерлердің қолдауымен Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының 30-жылдық мерейтойына, 30-игі шара жобасы аясында Өлеңті ауылындағы күрделі жөндеуден өткен, аспалы көпірдің ашылу салтанаты өтті.

Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Батыс Қазақстан облысы бойынша бас имамы Мұратбек Мұхтарханұлы,  облыстық орталық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Ересұлы және ауыл тұрғындары қатысты.

Сауапты іске арнайы келген облыс имамы Мұратбек Қыстаубаев ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, игі іске ат салысқан аудан имамы Әділхан Наурызбайұлына, ауыл әкімдігіне, кәсіпкерлерге,  шынайы ықыласпен жасаған қайырымды жандарға алғысын білдірді.

Шарадан кейін БҚО бойынша бас имамы Мұратбек Мұхтарханұлы жаңадан салынып жатырған мешіт құрылысымен танысты.

Сырым аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған