Ашудың зияны

Шариғатымызда мұсылман мұсылманға  үш күннен артық ренжісуге тиым салынған, тіпті ренжіскен күннің өзінде араларын тез жарастыруды бұйырған Ашулану – адамның көркем мінез құлқын төмендетіп, денсаулығына зиян келтіреді. Сүйікті пайғамбарымыз(С.А.У): «Нағыз күшті, балуан, қаһарман – бәрін жеңген адам емес. Ашуланған кезде нәпсіне ие болып, ашуын жеңе білген адам нағыз балуан» деген.
Бір кісі пайғамбарымызға келіп: «Йа Расулалла! Маған бір насихат айтыңызшы, соны ұстану арқылы құтылайын»,- деді. Сонда пайғамбарымыз (С.А.У): «Ашуланба!»- деп бұйырды. Біраз уақыттан кейін тағы да насихат сұрады. Пайғамбарымыз (С.А.У) тағы да: «Ашуланба!» деді. Бұл адам қанша рет насихат беруін сұраса да, әр сұрағанында пайғамбарымыз (С.А.У) оған: «Ашуланба!» деп айтты. Иса алейhиссалам яһудилердің қасынан өтіп бара жатқанында яһудилер оған жаман сөздер айтады. Иса алейһиссалам оларға жылы сен болсаң жақсы сөздер айтудасың» дегенде Иса алейһиссалам: «Әр адам өзінің бойындағы барын береді.» деген.

Ашуға апаратын себептерді айтып кеткен жөн болар.

Тәкәппарлық. Адам бойында тәкәппарлық әр түрлі жағдайларда белең алады. Алла Тағала мұндай қылыққа қатаң түрде тыйым салған:«Жер бетінде алшаң басып жүрме, расында сен жерді тесе де алмайсың, биік таулармен де теңесе алмайсың»

Алланың елшісі (С.А.У) менмендік, тәкаппарлық жайында құдси хадисте:Пайғамбар (С.А.У) бір құдси хадисте Раббысынан мынадай хабар жеткізген:«Алла Тағала былай дейді: «Тәкаппарлық пен ұлылық Маған ғана тән. Кімде-кім сол сипаттарға менімен таласатын болса, оны жәһаннамға лақтырамын».

Тәкәппарлықтың түрлеріне келер болсақ, бір адамдар өзінің пікірімен ойымен тәкәппарланады. Өзінің пікірін ғана дұрыс санап, ұсыну арқылы басқа адамдардың пікірлерін негізсіз қылып тастайды. Бұл өз кезегінде басқа адамдардың оған деген наразылығын, ашуын тудырады. Енді бір адамдар өзінің шыққан тегімен тәкәппарланады. Тағы бір адамдар өзінің байлығымен киген киімі, мінген көлігімен массаттанып тәкәппарланады.

Сөз таластыру. Кейбір адамдар бір затты дәлелдеу мақсатында сөз таластырады. Егер кімде-кімнің мақсаты ақиқатқа жету болса, онда ол құптарлық іс. Алайда таластағы ниеті өзін көрсету, өзінің қарсылыласын жұрт алдында масқара қылу болса талас-тартысқа

Пайғамбарымыз (С.А.У) хадисінде:«Кімде-кім ілім алғанда ғалымдармен бәсекелесу үшін, білімсіздермен сөз таластыру үшін, адамдардың жүздерін өзіне қарату үшін жасайтын болса, Алла оны тозаққа кіргізеді»,- деп қатаң ескертсе тағы бір хадисте:« Өзінікі дұрыс болса да сөз таластыруын тоқтатса, жәннат ішінде орын алуына кепіл боламын, әзілдеп болсын өтірік айтпаса оған жәннаттың ортасынан орын алуына кепілмін, ал егер кімнің мінезі көркем болса жәннаттың төрінен орын алуына кепіл боламын», деген.

Бірде Пайғамбар ﷺ жолдасының аяқ киімін тығып қойған адамды көреді. Ал ол кісі аяқ киімді іздеп, әбігерге түседі. Сонда Алла Елшісі(С.А.У): «Кім мұсылманның үрейін ұшырса, Қияметте Алла оның үрейін ұшырады», «Мұсылманның мұсылманды қорқытуына тыйым салынған»,- деген. Бұдан алар тұжырым исламда орынсыз әзілдеу оның шеңберін біле алмау ашу, ызаның тұтануына апаруы мүмкін.

Алла Тағаланың адам баласына берген ерекше нығметтерінің бірі – тіл. Тіл арқылы адам иманға келіп, кәлимә шәһәдәт айтып, мұсылман болса сол тіл арқылы оның ластығы себепті күнәға батады. Пайғамбарымыз (С.А.У) мүбарак хадисінде:«Кімдекім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болса, онда қайырлы сөз айтсын яки үндемесін» . Сол себепті біреудің ашуына тимес үшін әр мұсылманға екі елі ауызға төрт елі қақпақ қойған абзал.

Шайтан – адамның ең үлкен дұшпаны. Соңы үлкен өкінішке апаратын ауыр күнәларға итермелеуге қауқарлы. Сондықтан да адам өмір бойы өзінің ең үлкен дұшпаны шайтанмен күресіп өтеді.

СүлейманибнСардтанкелгенхадисте:  Пайғамбарымызбен(С.А.У) отыр едім екі адам бірін-бірі балағаттай бастады сол кезде бірінің беті қызарып, мойын тамырлары ісініп кетті. Пайғамбарымыз (С.А.У) айтты:

«Мен бір сөз білем егер соны айтса, ашуы тарқар еді ол сөз «Ағузу билләһи минашшайтанир раджим».

Ашуланған адаморын ауыстыру керек.

Пайғамбарымыздың (С.А.У) Әбу Зардан келген хадисте:«Егер сендердің бірің ашулансаңдар тік тұрса отырсын, егер ашу кетпесе жантайсын»,- дейді.Сөз таластыруды тоқтату немесе үндемеу. Үндемеу жайында пайғамбарымыз (С.А.У) мүбарак хадисінде:«Егер сендердің бірің ашулансаңдар үндемесін», деген.Сондықтан болмашы бір мәселе үшін сөз таластырмаған дұрыс.

Ашуланған адам дәрет алу немесе жуыну керек.

Пайғамбарымыз (С.А.У) мүбарак хадисінде айтты:«Шын мәнінде ашу ол шайтаннан, ал шайтан болса, оттан жаратылған, отты су өшіреді. Егер сіздердің біреулерің ашуланса дәрет алсын.

Ашуын ұстай білген адамға Алланың беретін сыйын еске алу. Алла Тағала Құран Кәрімде:Олар кеңшілікте, таршылықта Алла жолында мал сарып қылғандар. Сондай-ақ олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер. Алла (Т.) жақсылық істеушілерді сүйеді.

Ашуды жеңу жәннатқа кіруіне себеп болады. Оған дәлел Әбу Дәрдадан келген хадисте:

Ашуланба саған жәннат нәсіп болады деді. Ашуды жеңу Алланың қаһарынан құтқарады.

Алланы көп еске алу.

Алла Тағала Құран Кәрімде:Сондай иман келтіргендер, Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын, Алланы еске алумен жүректер орнығады.      Яғни адам баласы Алладан кешірім сұрап, еске алу, кешірім сұрау арқылы жүрегі ші: Ашуланудың зардабына мән беру.

Әбу Һұрайра (Алла оған разы болсын) пайғамбарымыздың (С.А.У) өмірінде болған өнегелі оқиғаны былай баяндайды: «Бір бәдәуи (көшпенді араб) пайғамбарымыздың (С.А.У) мешітіне келіп, кіші дәретін сындырды. Мешітте отырған сахабалар әлгі бәдәуидің өте өрескел әрекетіне ашуланып кетеді. Оған айқайлайды, тіпті қол көтермек болып, орындарынан өре түрегеледі. Сәл болмағанда оған қол жұмсап қоя жаздады. Сол кезде Алланың Елшісі (С.А.У) оларға: «Оны жөніне қалдырыңдар. Кіші дәрет сындырған жеріне бір шелек су төгіп, тазалай салыңдар. Сендер қиындатушы емес, жеңілдетуші ретінде жіберілдіңдер», – деді».

Алланың жердегі үйіне дәрет сындыру деген сұмдық емес пе? Ал Алла Елшісі осы кезде қандай ұстанымда болған еді? Ол істі қиындатпады, керісінше, көркем түрде әлгі адамға мешітте дәрет сындыруға болмайтынын, мешіт – Алланың үйі екенін түсіндірді. Пайғамбар (С.А.У) сөзін ұққан көшпенді араб ісіне өкініп, Исламды қабылдаған деген деректер де бар.

Алла біздерді сабырлылардан болуымызды нәсіп етсін!

 

Серік Мустафин, 

Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы Орал қалалық мешітінің наиб имамы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған