Қарттар үйінде болды

Қазіргі уақытта кейбір жастар ата-анасының қадірін білмей, оларды бойынан қуат, қолынан күш кеткен кезде ар-ұятты бетке түйіп, қарттар үйіне тапсырып жатқандығын көзі ашық, көкірегі ояу жұртшылық жақсы біледі.

Осындай жүздеріне қаяу түскен аға-буын өкілдеріне қамқорлық көрсету мен олардың жүрегіне жылы тиетін сөздерді айтып, жоғары көңіл-күй сыйлауды облыстың бас имамы Бақытжан Құралбайұлы барша дін қайраткерлерінің басты қасиеттерінің бірі деп есептейді.

Жақында бас имам қарттар үйіне  облыс бойынша  Әйел-қыздар секторының өкілі Анаргүл Демеутованың бірге барды. Сырқат кісілердің жатқан бөлмелерінде болып, ауруларынан тезірек құлан-таза айығып кетулеріне тілектес екендіктерін білдірді. Облыстың бас имамының уақыт бөліп, өздеріне келуін мұндағы ардақты қарттар үлкен қуанышқа балады.

Бас имам үлкенді  қариялар мерекесімен құттықтаса, Анар ұстаз қазақ тың мақал-мәтелдерін жасырып, жалғасын тапқандарға  жандарға сыйлықтарын да табыс етті.

Барша жандарға жасы ұлғайған кісілерге көңіл бөлу олардың басты міндеттері екендігін де бір сәт ұмытуға болмайтындығын түсінді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған