Ардагерді мерекемен құттықтады

Оралда ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Е.Қарақұлов пен Орал қаласы Тәжиден Батырұлы мешітінің бас имамы М.Абдрахманов  соғыс ардагері Қайыржан Байменовты мерекемен құттықтады.

Қос имам асылдың сынығындай аз қалған ардагер қарияны құттықтап, мешіт атынан ізгі ниетпен ілтипат-сыйлықтарын тарту етіп қайтты.

«Ислам мен бейбітшілік екеуі – егіз ұғым. Дінімізде ешкімді алалау, шеттеу жоқ. Ел тыныштығын, дін татулығын қолдаймыз қашанда. Үлкенді сыйлау, құрметтеу дін мен дәстүріміздің біте қайнасқан тұсы. Сондықтанда, өздеріңіздей көнекөз қарттарымыздың саулығын тілейміз!», – деді  бас имам Еркебұлан Ыбрайымұлы.

96 жасқа келген ақсақал, соғыс ардагері Қайыржан Байменов: көргені мен түйгені мол қария кешегі қиын-қыстау заманнан естелік айтып, елдің сол кездегі ынтымақ-бірлігі мен қайрат-қажыры жайында сыр шертті. Қарияның қазіргі тілегі де бейбіт күніміздің бұзылмауын, еліміз бен жеріміздің, дін аралық таулықтың бүлінбеуін тіледі.

Жүздесуден кейін ақсақалға  естелік сыйлық табыстады

Орал қаласы Тәжиден Батырұлы мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған