Қаратөбеде халал асхана салынады

Алланың қалауымен  Қаратөбе аудандық мешітінің бас имамы Әділжан Бекқазиевтің бастамасымен, аудан тұрғындарының қолдауымен мешіт жанынан 300 адамға арналған жаңа халал асхана салуды бастады.  Қазіргі уақытта асханаға керекті құрылыс материалдары толықтай дайын. Алдымен құрбан шалынып, мешіттің бас  имамы Әділжан  Бекқазиев құран оқып, дұға жасады. Ауданның ақсақалдары ақбаталарын берді. Дін жанашырлары мен  қаржылай көмек қолын созған жомарт жандарға Алла разы болып, сауаттан жазсын!

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған