Қалалық мешітке жаңа имам тағайындалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтидің бұйрығымен  Орал қалалық «Тәжіден Батырұлы» атындағы мешітінің бас имамы қызметіне Руслан қажы Сұлтанов тағайындалды.

Жұма күні ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас  имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев Орал қалалық «Тәжіден Батырұлы» атындағы мешітінің жамағатымен кездесіп, мешіттің бас имамы қызметін абыроймен атқарып келген Мейрамбек Абдрахмановқа қазақы дәстүрге сай құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты.

Облыс имамы Мұратбек Мұхтарханұлы Руслан  Сұлтановты мешіт жамағатына жаңа имамды таныстырды.  Жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Руслан Тыныштықұлы Ақжайық өңірінің тумасы. Жоғары білімді иманды азамат. Алғашқы имандылық жолын Көкшетау қаласынан бастап, аталған мешіттің наиб және бас имам қызметін абырой атқарған. Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі, Дінтану ғылымдарының магистрі,  бес жыл ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы болған. Нұр–Сұлтан қаласындағы Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы,  ҚМДБ- орталық аппараттағы  Халықаралық қатынастар және хаттама бөлімінде маман қызметін атқарған.

 Нұрлан Саматұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған