Қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

ҚМДБ-ның  Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі, орталық «Орал» орталық мешітінде  қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкені әйелдер-қыздар секторының облыстық бөлімі өткізді.
Қайырымдылық жәрмеңкесінде орталық мешіттің шәкірт қыздары өз қолдарымен пісірген өнімдерін, басқа да бұйымдарын саудалап, одан түскен қаржы мұқтаж жандар мен көпбалалы аналарға қайырымдылық көмек көрсетілу үшін жасалуда.

Жалпы, мұндай қайырымдылық шаралары, жәрмеңкелер облыстық әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен тұрақты өткізіліп тұрады.
Әйелдер-қыздар секторының облыстағы жетекшісі, Орал орталық мешіттің ұстазы Анар Демеутованың бастамасымен бірқатар шаралар бір жүйеге түсіп, әйел жамағаты белсенділігі артып келеді.

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған