Қайырымдылық іс-шара жалғасуда

Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.

Құран Кәрімде Алла Тағала:

«(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады.Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)», – деген.

Жомарттық Пайғамбарымызға (с.ғ.с) тән қасиет екені барша мұсылманға белгілі. ҚМДБ-ның бастамасымен, Орал орталық мешітінің қолдауымен бірлесе отырып қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.  Мешіттің найб имамы Марат Асанов әлеуметтік жағдайы төмен 15 отбасына  азық-түлікті таратты.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – дегенін  ұмытпайық. Бес күндік фәни дүниеде қайырлы іс жасап, көп балалы отбасына, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жетімдерге аса көңіл бөлейік.

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған