Айт намазы оқылды

Кеше «Тәжиден Батырұлы» мешітіне Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов  келіп, мешіт жамағатын Ораза айт мерекесімен құттықтады.

“Ораза айт – ұлт пен ұлысты ұйыстыратын рухани құндылықтардың бірі. Осы қасиетті күні көпшілік бір-біріне ақжарма тілек арнап, өткен реніштерін кешіреді. Ендеше баршаңыздың ұстаған оразаларыңызды, тілеген дұғаларыңыз бен жасаған ғибадаттарыңыз қабыл болсын, – деді бас имам Мейрамбек Абдрахманов.

Айт намазынан кейін мешіт ақсақалдары мен зиялы қауым өкілдеріне дастархан жайылып, қалалық мешітінің наиб имамы Наурыз Убаев, Махамбет Мұқанғалиев уағыз-насихат айтты.

Айттан айтқа аман-есен жетейік, бауырлар!

«Тәжиден Батырұлы» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған