«Адал ас жанға-дауа, тәнге шипа» атты семинар өтті

ҚМДБ-ның БҚО бойынша  өкілдігінің ұйымдастыруымен   «Достық» үйінде  «Адал ас жанға-дауа, тәнге шипа» тақырыбында   халал стандарт бойынша семинар өтті.

Алдымен БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Құралбайұлы сөз алып, ҚМДБ «Халал-Даму» сертификаттау және стандарттау  орталығының директоры Айбек Асқарбекұлы мен бас сарапшы-технолог Айжан Омарованы  жиналғандарға таныстырып, сөз тізгінің ұсынды.

Айбек Асқарбекұлы семинарда ғылыми дəлел дəйектермен əлемдік халал өндірісінде көш басында келе жатқан мемлекеттердің тəжірибесіне сүйене отырып, ҚМДБ-ның халал стандарты бөлімі дайындаған стандарт таныстырылды. Сондай-ақ  электронды және бейнебаян мәліметтер арқылы «Халал Даму» технологиясының жұмыстарымен таныстырып, елімізде және Батыс Қазақстан облысы  бойынша «Халал даму» тарапынан сертификаттандырылған кәсіпорындар  жайлы да мәліметтер айтылды. Жалпы бұл семинар имамдар мен кәсіпкерлерге  халал стандарттау саласы бойынша туындаған сұрақтарға жауап бере алатындай бір пайдалы семинар болды.

Семинар барысында имамдар мен кәсіпкерлер   көкейде жүрген көптеген сауалдарын қойып, маманнан нақты жауаптарын алды.

Жиын соңында  «Жайық ет» ЖШС, «Высший сорт»  ЖШС, «Nefis Food» ЖШС  кәсіпорындарына  алғыс хат  берілсе, «Пойма май комбинаты» ЖШС,  «Nefis Food» ЖШС мен  «RISYQ»  дәмханасына сертификат табысталды. Айбек Асқарбекұлы аталмыш тақырып бойынша облыстық «Ақжайық» телеарнасына және «Орал өңірі» газетіне кең көлемде сұхбат берді.

Семинарға «Халал Даму» ЖШС БҚО бойынша жауапты маман Асхат Асылбекұлы,  имамдар, кәсіпкерлер мен  БАҚ өкілдері қатысты.

  ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған