«Адал ас – халық таңдауы» атты семинар өтті

ҚМДБ-ның  Халал өнімдерін стандраттау бөлімі «Халал даму» ЖШС-нің БҚО бойынша өкілі Асхат Асылбековтің бастамасымен, Орал орталық  мешітінде  «Адал ас  – халық таңдауы» атты семинар өтті.

Алдымен облыстық орталық мешітінің бас имамы Мұратбек Қыстаубаев сөз алып, семинарға қатысып отырғандарға сәтттілік тіледі. «Халал даму» ЖШС-нің БҚО облысы бойынша өкілі Асхат Асылбеков семинарда адал астың пайдасы, сақтану жолдары турасында насихат айтылды.

Жиналғандар Асхат Асылбекұлына толғандарған сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптар алды.

Семинарға дін істері басқарманың өкілдері, қала тұрғындары, мен мешіттің ақжаулықты әжелері  қатысты.

Орал қаласындағы кәсіпкерлерге халал сертификатын алу жолдары түсіндіріліп, тағамдары үнемі тексеруде болатындығы да ескертілді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған