Ақжайықта Құрбан шалынды

Ақжайық төрінде Құрбан шалу рәсімі өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режимде жүзеге асырылды. ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек Қыстаубаев арнайы қатысып, қасиетті құран кәрімді оқып, дұға бағыштады
Облыс бойынша qurban2020.kz сайты арқылы құрбан шалуға 100-ден астам тапсырыс беріліп, тапсырыстарды орындау үшін мешіт қызметшілері қала шетіндегі «Ел ырысы» ЖШС-де құрбан шалынды. Берілген аманаттар аса ұқыптылықпен орындалып, құрбан шалу рәсімі әлі де жалғасуда.
Облыс бойынша айттың алғашқы күнінде 26 ірі қара, 290 қой малдары құрбан шалынып, әрқайсысына 4-5 келі ет салынған 379 пакеттің 379-ы мұқтаж отбасыларға жеткізілді. Өтініш түсіру әлі де жалғасып, отбасы төмен жандарға құрбан еттері әлі де жеткізетін болады.
«Құрбан айт» мерекесі құтты болсын! Ел аман, жұртымыз тыныш болсын!
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған