Ақжайықта Құрбан айт мерекесіне орай пресс-конференция өтті

Қасиетті Құрбай айт мерекесіне орай, ҚМДБ-ның БҚО облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен БҚО-ның орталық коммуникациялар қызметі орталығында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-конференция болып өтті.

Баспасөз мәслихатында ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Сабралиев сөз алып:  Ақжайық жұртын «Құрбан айт» мерекесімен құттықтап, дінбасымыздың ыстық сәлемін жеткізіп, qurban2021.kz жобасының мақсаты қайырымдылыққа дәнекер болу, халықтың денсаулығы мен өміріне төнген қауіпті сейілтуге үлес қосу, құрбан шалуға ниет білдірген жандарға карантин жағдайында оңтайлы жол ұсыну екенін атап өтті.

«ҚМДБ-ның qurban2021.kz сайты іске қосылып, Құрбан айттың үшінші күні, яғни 22 шілдеге дейін жұмыс істейді. Құрбан шалуға ниет еткен азаматтар осы аралықта тапсырыс бере алады. Сондай-ақ 17 шілдеден бастап осы сайт арқылы мұқтаж отбасылардың құрбандық етін алу үшін өтініш беруіне болады. Мұқтаж отбасылардың өтініштерін қабылдау, сараптау және құрбандық еттерін жеткізіп беру жұмыстарымен имамдар мен еріктілер айналысады» ,-деп жауап берді бас имам.

“Құрбан шалғанда «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, ләә илаһа иллаллаһу, Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд» деп тәкбір айтылып, «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» деп бауыздалады. Құрбандыққа шалынған малдың етін үш бөлікке бөліп тарату – сауап. Бір бөлігі туған-туыс, көршілеріне, екінші бөлігі кедей мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі өзінің бала-шағасына, отбасына беріледі”,- деген сынды бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды.

Жиылған БАҚ өкілдеріне қасиетті Құрбан айт ұлы мереке екенін ескертіп, Арафа күні ораза ұстауға шақырып, қойған сауалдарына жауап берді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған