Ақжайықта облыстық имамдар форумы өтті

Ақжайық төрінде,  Достық үйінің конференция залында  «Рухани құндылықтар-қоғам бірлігінің негізі« атты облыстық имамдар форумы өтті.

     Игі шараға ҚМДБ Діни істері және талдау бөлімінің меңгерушісі  Нұрбек Есмағанбет,  Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов,  облыс имамдары, медресе ұстаздары мен шәкірттері,  ақсақалдар қатысты.

Форумға Батыс Қазақстан облысының бас имамы Мұратбек қажы Мұхтарханұлы модераторлық етті. Берекелі басқосу  Орал орталық мешітінің азаншысы Асхат Асылбекұлының қасиетті  құран аятын оқуымен ашылып, Астанадан арнайы келген Нұрбек  Әуесханұлының  бата жасаумен басталды.

   Орал Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы жиналған қауымға құттықтау тілегін айтып, форум жұмысына сәтттілік тіледі. ҚМДБ Діни істері және талдау бөлімінің меңгерушісі  Нұрбек Есмағанбет “Жеті рухани қазық”  Қазақстан мұсылмандарының  рухани  тұғырнамасы жайында кеңінен түсіндірсе, Жәнібек аудандық мешітінің бас имамы  Есенболат Абдуғалиев діни лауазымдар тізілімі және  міндеттерін тереңнен айса, Бәйтерек ауданы, Асан ауылдық мешітінің бас имамы Мұратбек Жахатов ҚМДБ дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімін таныстыруын Ақжайық төрінен шыққан ойшылдардың ғибратты әңгімелері  арқылы баяндаманы шыңдады.

Тәжиден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінің бас имамы Мейрамбек Ақылбекұлы  облыстық имамдар форумының Үндеуін жариялады.

Форум  соңында  Орал орталық мешітінің бас имамы мұратбек Қыстаубаев қорытынды сөз сөйлеп, қатысушыларға игі ниетін жеткізді.

  Нұрлан Саматұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған