Ақжайық төріне «Нұр Астана» мешітінің бас имамы келді

Кеше  «Орал» орталық мешітіне Астана қаласынан РАНТ-ның мүшесі,  «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Асқар Мұқанов арнайы келді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов Асқар Әбітайұлын  жылы жүзбен қарсы алып, құтпан намазына жиналған жамағатқа таныстырды.

Мәртебелі мейман «Имандылық»  жайында уағыз айтып, көпшілікті өзіңе баурап алды.

Ғибратты уағыздан кейін жамағатпен бірге намаз оқып, дұға жасап, естелік суретке түсті.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған